Бүгін, 1 маусымда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Сыртқы істер министрлігіндегі Сыртқы саяси зерттеулер институты басқарма төрағасы Болат Нұрғалиевпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты - діндер мен өркениетаралық қатынастар бойынша ғылыми-зерттеу және ақпараттық-талдамалық бағытта бірлесе жұмыстар атқару болып табылады.
Тараптар жалпы құндылықтарға сүйене отырып, шетелдік сарапшылар қауымдастығы және үкіметтік емес ұйымдармен діннің өзекті мәселелері бойынша бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ниетті.
Атап айтқанда, меморандумда бірлескен іс-шаралар: «дөңгелек үстелдер», симпозиумдар, дінаралық, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілетуге бағытталған пікірталас алаңдарын, мамандардың біліктілігін арттыру, кәсіби тәжірибемен, талдамалық материалдармен алмасу және басқа да ортақ мәселелер бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру.
Орталық басшысы Болат Сәрсенбаев ұйымдар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюдың маңыздылығын атап өтіп, әлемдегі діни қоғамдастықтың рөлінің артып келе жатқанын, конфессияаралық қатынастар саласындағы ғылыми жобаларды әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.
«Әлемдегі дінаралық және өркениетаралық қатынастар саласындағы тенденцияларды зерттеу бойынша күш-жігерді біріктіру үшін екіжақты өзара серіктестікті нығайтып, жедел ақпарат алмасу және кәсіби тәжірибемен бөлісу маңызды», - деді Болат Сәрсенбаев.
Сонымен қатар, Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Сыртқы саяси зерттеулер институтының басшысын осы жылы өтетін Съез Хатшылығының ХІХ отырысы, 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық барысы, сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясындағы іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Сыртқы саяси зерттеулер институтының басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев өз тарапынан бірлескен іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.