Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда «Этносаралық толеранттылық және конфессияаралық диалог» тақырыбында семинар өтті

Бөлісу

Бүгін Елордада ұлтаралық келісімді сақтау, этнос арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.

2021 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Этносаралық толеранттылық және конфессияаралық диалог» онлайн-семинары өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Норвегияның Мәдениет министрлігі бірлесе ұйымдастырған шараға Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев, Норвегияның мәдениет және теңдік саясаты министрі Абид Раджа, ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Қайрат Әбдірахманов, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев Ослодағы еврей қауымдастығының жетекшісі әрі Норвегияның нәсілшілдікке қарсы орталығы жетекшісінің орынбасары Эрвин Кон, Саамының бұрынғы директоры Руне Фьельхейм, жаңалықтар қызметінің жүргізушісі, ТV2 телеарнасының бұрынғы шетелдік тілшісі және ТV2 телеарнасы жаңалықтар қызметінің басшысы Томас Хеншен қатысты.

Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев өз сөзінде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін Елбасы Н. Назарбаевтың сарабдал саясаты мен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халықаралық тұлғалық абыройында екенін атап өтті. Б.Сәрсенбаев сонымен қатар, бұл кездесу Қазақстан мен Норвегия арасындағы ұзақ мерзімді достық пен өзара тиімді ынтымақтастықтың дәлелі екенін алға тартты. Қорытындылай келе, Б.Сәрсенбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған тақырыптық фотокөрмелер, биылғы жылы болатын Съездің ХІХ хатшылығы мен

келер жылға жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық жұмыстары туралы айтты.

Қорытындылай келе, семинарға қатысушылар Қазақстан тәжірибесі конфессияаралық келісімнің өзіндік моделін сәтті құрудың үлгісі, сонымен қатар Қазақстан әлемдік мәдениетаралық бағыттың дамуына сөзсіз ықпал етеді деген тұжырымға тоқталды.