Бүгін, 21 мамыр күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаевтың Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев және Орталық қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында вице-министр С.Егізбаев Орталықтың, сондай-ақ оның құрамына кіретін институттың жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы хабардар екенін, Орталықтан Министрлікке жүйелі түрде қажетті ақпараттық, талдамалық және әдістемелік материалдар келіп түсетінін атап өтті.
Өз кезегінде Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев вице-министрді Орталық қызметінің негізгі бағыттарымен, міндеттерімен толығырақ таныстырып, сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының келесі отырысына дайындық туралы жоспарларын баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша вице-министр С.Егізбаев Орталықтың рөлі мен маңыздылығын атап өтіп, бірқатар нақты міндеттер қойды.