Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Compliance officer

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және іскерлік әдеп» тақырыбында оқыту семинары өтті

Бөлісу

2026 жылғы 31 наурызда «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» ҚЕАҚ-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және іскерлік әдеп» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Іс-шара барысында Орталық қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, комплаенс-офицердің рөлі мен функциялары, сондай-ақ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Іскерлік әдеп кодексінің ережелері түсіндірілді.

Семинар аясында кәсіби әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелеріне, сондай-ақ конфессияаралық және дінаралық өзара іс-қимыл ерекшеліктерін ескере отырып, құрметке негізделген, инклюзивті әрі этикалық корпоративтік ортаны қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Қатысушылар кәсіби және қоғамдық ортада адал әрі жауапты мінез-құлық қағидаттарын сақтау, оның ішінде әлеуметтік желілердегі этикалық нормаларды ұстану және азаматтармен, серіктестермен өзара іс-қимыл жасау мәселелерін талқылады.

Семинар қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және Орталықтың ішкі комплаенс жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар әзірленді.