Баяндамалары

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, съез хатшылығының басшысы Касым-Жомарт Тоқаевтың әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезінің жабылуында сөйлеген сөзі

Бөлісу

Құрметті ханымдар мен мырзалар,

Съездің мәртеблі қатысушылары мен қонақтары!

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІ Съезі өз жұмысын аяқтауда.

Барлық делегация басшылары мен қонақтарға, сонымен қатар, халықаралық ұйымдардың жоғары өкілдеріне Съез жұмысына белсене қатысып, сындарлы үлес қосқаны үшін алғысымды білдіремін. 286 287 сенемін.

Съездің түпкі мақсаты да осыны көздейді. Барлық конфессия өкілдерінің белсенділігі мен өзара іс-қимылдары қарқынын жоғалтпауы тиіс. Форум барысында ашық айтылған мазмұнды ой-пікірлер мен ұсыныстарды терең зерделеп, ой елегінен өткізу қажет.

Әлемнің жаңа бейнесіне қатысты ортақ көзқарас пен өзара түсіністік бар екендігіне көз жеткіздік. Бүгінде Съездің шынайы алаңы Астана ғана емес, барша әлем қоғамдастығы. Себебі бүкіл әлемдегі әралуан дінді ұстанатын адамдар Қазақстан елордасындағы кездесуге зор үмітпен көз тігуде. Ұрыс-жанжал мен үрейден қажыған миллиондаған адамдар бейбітшілікті, тыныштықты, тұрақтылықты қалайды. Халықтар шын мәнінде бітімгершілікке зәру екені анық.

Бүгін осы залда отырған дін жетекшілері, белгілі саясаткерлер мен халықаралық ұйымдардың басшылары өз мемлекеттері мен халқына VI Съездің қорытындыларын жеткізеді деп үміттенемін. Декларацияның негізгі шешімдері азаматтық қоғамның барлық деңгейдегі институттары арқылы белсенді түрде насихатталады деп сенемін.

Делегация басшыларына, VI Съездің барлық қатысушылары мен қонақтарына бейбітшілік пен жасампаздық жолындағы жауапты қызметі үшін және Съездің ізгі идеялары мен бастамаларын ілгерілетуге қосқан қомақты үлесі үшін алғыс айтамын. Құрметті Астаналық дінаралық саммит қатысушылары мен қонақтары! Съез Хатшылығы бұған дейін әзірлеген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI Съезінің Декларациясының жобасы сіздің өкілдеріңізбен, Съез Хатшылық мүшелерімен және Жұмыс Тобымен келісілді. Содан кейін біздің форумның Қорытынды құжаты Дін лидерлерінің кеңесінде мақұлданды.

Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар! Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 15 жылдығына орай Қазақстан арнайы пошта маркасын шығарды. Осы орайда Съездің пошта маркасын салтанатты түрде ашылу рәсімі жарияланады. Құрметті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне қатысушылар, біз Съез жұмысының қорытынды бөліміне жеттік. Бүгінгі қоғамдар мен мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайту жолында өте маңызды қадам жасалды.

Екі күн бойына менің елім  – Қазақстанға, оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және біздің көпұлтты халқымызға айтқан жылы сөздеріңіз үшін барлығыңызға ерекше алғыс айтқым келеді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, біз планетадағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін бар күшімізді саламыз деп сендіргім келеді. Съездің жұмысын одан әрі жалғасытырып, оны жаңа мазмұнмен толықтыра беретініміз сөзсіз. Сіздердің үлесіңіз бен белсенді қатысуыңыздың арқасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің өркениетаралық және дінаралық диалог үрдісінің қарқынды дамуының келешегіне сенімдіміз. Барлықтарыңызға белсенді және жемісті жұмыстарыңыз үшін тағы да алғыс айтамын.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының аясында немесе  Съездің өзінде үш жылдан кейін кездесейік.