Ұйымдастырушы: «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» Бейбітшілік және келісім музейі ҚР Көркем академиясымен бірлесе отырып ұйымдастырады
Өтетін орны: Астана қ., Бейбітшілік және Келісім сарайы ғимаратының үшінші қабатта орналасқан «Бейбітшілік және келісім аумағы» Атриумы
Ресми ашылуы: 2024 жылғы, 12 қыркүйек, сағ.: 14:00.
Өткізу мерзімі: 2024 жылғы 12-16 қыркүйек аралығы
Бейбітішілік және келісім музейі базасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXII отырысына орайластырылған «Бейбітшілік жолындағы діндер диалогы қазақстандық суретшілердің көзімен» тақырыбында көрме ұйымдастырылады.
Көрмеге 80-ге жуық елдің құрметті консулдары мен 60-қа жуық арнайы қонақ шақырылған. Оның ішінде зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, діни қауымдастық өкілдері мен ҚР Суретшілер одағының мүшелері қатысады.
Көрмеде ҚР Көркем академиясының талантты суретшілерінің 40-тан астам туындылары ұсынылған. Олар (34 сурет, 3 мүсін, 3 гобелен, 2 графика және 1 кесте) қазақстандық қоғамның жандүниесінің әралуандығы мен тереңдігін жеткізуге ұмтылған отандық суретшілердің бай мәдени палитрасын паш етеді.
«ҚР Көркем академиясымен» бірлесе отырып, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту бойынша Н. Назарбаев орталығы» ұйымдастырған көрме ерекше маңызға ие болып отыр. Көрменің негізгі мақсаты – Қазақстанның бейнелеу өнері туындыларын дәріптеу және терең идеяны көрсету: біз, әртүрлі дін өкілдері – бауырластық, бейбітшілік пен келісімнің ортақ құндылықтары біріктіріп тұрған бір аспанның балаларымыз. Көрменің экспозициясы суретшілер мен көрермендер арасындағы ерекше диалог. Мұндағы әр сурет, әр бояу бірлік пен толеранттылық идеясын таратады. Бұл көрме өнер мен диалогты, шығармашылық пен әлемді біріктіреді. Бәріміз жалпы адамзат атты үлкен отбасының бір бөлшегі екенімізді еске салады әрі ауызбіршіліктің арқасында ғана үйлесімді һәм бейбіт өмір сүре аламыз деген тұжырымды дәріптейді.