Ұйымдастырушы: «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Бейбітшілік және келісім мұражайы мен каллиграф Орынбасар Асылбек Байұзақұлы.
Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік және Келісім сарайы ғимараты, Бейбітшілік және келісім мұражайы базасының 3 қабаты, «Қазақстан - бейбітшілік және келісім аумағы» атриумында «Ислам төл өнерінің көркі» тақырыбында көрме ұйымдастырылады.
Ашылу күні: 2024 жылдың 25 сәуірі, сағат 11:00-де.
Өткізу мерзімі: 2024 жылдың 25 сәуірінен 25 мамырына дейін.
Көрмеде Орталық Азиядағы каллиграфия бойынша «ижаз» иегері, ежелгі өнер түріндегі бірегей білім мен дағдыларды меңгерген жалғыз қазақстандық каллиграф Асылбек Орынбасардың 19 каллиграфиялық жұмысы ұсынылады. Көрмеде Асылбек Орынбасар каллиграфия жазуы бойынша шеберлік сабағын көрсетіп, қонақтарға сыйлық ретінде ұсынады. Сондай-ақ экспозицияда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы Орталық мешітінің қорынан қасиетті Құран кітаптары ұсынылады. Даналық пен білімді сақтайтын бұл ежелгі қолжазбалар Қазақстандағы ислам мұрасының бай тарихын көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейінің қоры көрмені түрлі көлемдегі Құран даналарымен және осы қасиетті мәтіннің көне қолжазбаларымен толықтырады. Көрменің ажырамас бөлігі Н.Назарбаев Орталығының мұражай қоры ұсынған исламдық кәдесыйлар мен этнографиялық ыдыс-аяқтар болмақ. Күміс зергерлік бұйымдар, басқұр, самауыр, тостаған және басқа да бұйымдар қазақ халқының мәдени мұрасы мен ислам әлемімен байланысын ашатын терезеге айналады. Бұл көрме – ежелгі каллиграфия өнерімен танысуға, ислам дәстүрінің қасиетті кітаптарын көруге және Қазақстанның бай тарихы мен мәдениетіне енуге бірегей мүмкіндік. Ол келушілерді нұрландырып қана қоймай, сонымен қатар оларды Исламды тереңірек түсінуге, оның өнер мен мәдениетке ықпалын оятуға шабыт береді. Көрме экспонаттары халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты насихаттайтын мәдени диалог пен дінаралық келісімнің символына айналады.
Асылбек Орынбасардың бұл каллиграфиялық жұмыстары Түркия, Ресей, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания және Қазақстан сияқты әлемнің әртүрлі елдерінде көрмеге қойылған.
Асылбек Орынбасар Астананың Бас мешіті мен Қазақстандағы және одан тысқары жерлердегі басқа да мешіттерді безендіруге қатысты. Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» республикалық колледж-медресесінде студенттерге каллиграфия өнерінен дәріс береді.