2023 жылғы 11 қазанда Астана қаласындағы Бейбітшілік және Келісім сарайы ғимаратында ҚР Парламенті Сенаты Спикерінің қатысуымен өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXI отырысы аясында «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 20 жылдығы» атты фотокөрме ашылды.
Ұйымдастырушы:«Конфесияаралық және өркениетаралық диалогты дамтыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ.
Фотокөрменің мақсаты:
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің бастамаларын іске асыруға және ілгерілетуге жәрдемдесу. Бейбітшілік және келісім мұражайының экспозициялары арқылы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін дәріптеу шеңберінде халықаралық және ведомствоаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Фотокөрмеде Бейбітшілік және келісім музейінің экспозициялары арқылы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жеті Съезіне қатысушылардың кенепте қорытынды құжаттары мен фотокартиналары ұсынылды.
Фотокөрмеде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жеті Съезінеқатысушылардың кенепте қорытынды құжаттары мен фотокартиналары ұсынылды.
Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жеті Съезінде 2003, 2006, 2009, 2012, 2015, 2018 2022 жылы ислам, христиан, иудаизм дінбасыларының басшылары мен көрнекті өкілдері қатысты. Буддизм, синтоизм, даосизм және басқа да дәстүрлі діндер.
Фотокөрменің ашылуына ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М.Әшімбаев, Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева, Н.Назарбаев орталықтың Басқарма төрағасы Б.Сәрсенбаев, ҚР Президенті Әкімшілігі, Сенат депутаттары, Ғылыми - зерттеу ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер, ҚР діни бірлестіктері, Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек, «ҚР Ұлттық музейі» директорының м. а. А.Сыдықов, Астана қаласы Суретшілер одағының төрағасы Ө.Исмаилов, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының отырысына қатысушылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 20 жылдығы» фотокөрмесі 2023 жылғы 9-12 қазан аралығында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXI отырысы аясында төрт күнге созылады.