Ұйымдастырушы: «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы» «ҚР Ұлттық музейімен» бірлесе өткізіледі.
Өтетін орны: Астана қаласы Бейбітшілік және Келісім Сарайының ғимаратында, 3 қабатта «Ұлы дала мәдениеттер мен діндер диалогының қиылысы» залында «Толеранттылық – бейбітшілікке апарар жол» атты көрме ұйымдастырылады.
Көрме Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXI мерейтойлық отырысы аясында Халықаралық толеранттылық күніне орайластырылған.
Ресми ашылуы: 11 қазан 2023 ж.
Өткізу мерзімі: 2023 жылғы 11-30 қазан.
Көрмеде Бейбітшілік және келісім музейі мен ҚР Ұлттық музейінің қорларынан діни-ғибадат заттары: түрлі конфессиялардың литургиялық киімдері, Италиядан келген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III Съезіне қатысушылардан сыйға тартылған Рим-Католик соборының макеті «Фатима Мария-барлық халықтардың анасы» Қарағанды қ., рухани басқармадан мұсылмандар мешіт макеті ұсынылады және т. б.
Көрменің мақсаты:
- Халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтары бойынша қоғамдық консенсусты қолдау және дамыту;
- Барлық діндердің ізбасарлары арасындағы өзара түсіністікті нығайту.
- Көшбасшылар съезі мен әлемдік және дәстүрлі діндердің бастамаларын іске асыруға және ілгерілетуге жәрдемдесу;
- Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдіру;
- Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, қоғамдағы этносаралық келісім мен толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Фотокөрменің ашылуына ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М.Әшімбаев, Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева, Н.Назарбаев орталықтың Басқарма төрағасы Б.Сәрсенбаев, ҚР Президенті Әкімшілігі, Сенат депутаттары, Ғылыми - зерттеу ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер, ҚР діни бірлестіктері, Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек, «ҚР Ұлттық музейі» директорының м. а. А.Сыдықов, Астана қаласы Суретшілер одағының төрағасы Ө.Исмаилов, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының отырысына қатысушылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, «Толеранттылық – бейбітшілікке апарар жол» көрмесі 2023 жылғы қазан айының 11-нен 30 аралығында өтеді.