БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ
Білімі:
Гуманитарлық немесе әлеуметтік ғылымдар саласында жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (артықшылық берілетін бағыттар: қоғаммен байланыс, журналистика, халықаралық қатынастар, философия, мәдениеттану, саясаттану, халықаралық құқық, әлеуметтану). Академиялық дәреже (магистр) немесе ғылыми дәреже (PhD докторы) болуы басымдық болып табылады. Шет тілдерін білу құпталады.
Жұмыс өтілі:
Тиісті бейіндегі ұйымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілі.
Тілдер:
Орыс және қазақ тілдерін еркін меңгеруі.
Дағдылар мен қабілеттер:
-
Серіктестермен, соның ішінде дінаралық және мәдениетаралық диалог саласындағы халықаралық ұйымдармен кәсіби коммуникация орната білу;
-
Жоғары деңгейде протоколдық, имидждік және ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және сүйемелдеу дағдылары;
-
Копирайтингті меңгеру: пресс-релиздер, көпшілік алдында сөйлеу мәтіндері, тезистер, мақалалар және өзге де ақпараттық-коммуникациялық материалдарды әзірлеу;
-
Орталық қызметі аясында тұжырымдамалық және талдамалық құжаттарды әзірлей білу;
-
Ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу, оны жүйелеу және негізгі басымдықтарды айқындау қабілеті;
-
Көп міндеттілік жағдайында жұмыс істеу және белгіленген мерзімдерді сақтау дағдылары.
Жеке қасиеттері:
Жауапкершілік, сенімділік және ұқыптылық, егжей-тегжейге мұқияттылық, жоғары этикалық мәдениет және Орталық құндылықтарына адалдық, кәсіби өзара іс-қимылда дипломатиялық пен әдептілік, коммуникабельділік, сындарлы диалогқа ашықтық және кері байланысты қабылдай білу.
Жұмыс ерекшеліктері:
Лауазым қызметтік іссапарларды және сапарларды (оның ішінде шетелге) қарастырады.
ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
-
Бөлімше директорының және Орталық басшылығының тапсырмаларын орындайды;
-
Орталықтың протоколдық, ақпараттық-имидждік іс-шараларын ұйымдастыруға қатысады;
-
Дінаралық және мәдениетаралық диалог мәселелері бойынша Орталықтың серіктестерімен, халықаралық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
-
Мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдар өткізетін іс-шараларға қатысады және ұйымдастырушылық-имидждік жұмыс аясында сөз сөйлейді;
-
Отандық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара әрекеттеседі;
-
Дінаралық және конфессияаралық тақырыптар бойынша БАҚ мониторингін жүзеге асырады;
-
Күнделікті жаңалықтар дайджестін қалыптастырады;
-
Ақпараттық-талдамалық және имидждік материалдарды (анонстар, пресс-релиздер, анықтамалар, презентациялар, тезистер, мақалалар, сұхбаттар, Орталық басшылығының сөз сөйлеу мәтіндері) дайындайды;
-
Департаменттің жұмыс жоспарын, Орталық қызметін ақпараттық сүйемелдеуге арналған медиа-жоспарды іске асырады;
-
Нысаналы аудитория арасында Орталықтың әлеуметтік желілерін ілгерілетеді;
-
Департаменттің ұйымдастырушылық-имидждік жұмысы бойынша бюджеттік жоспарлауды әзірлеуге қатысады;
-
Іскерлік хат алмасуды жүргізеді, Департамент құжаттары мен хаттарын аударады;
-
Департамент қызметі бойынша есептер дайындайды;
-
Орталықтың ақпараттық-имидждік өнімдерін (брошюралар, презентациялар, триплеттер және т.б. контентімен толықтыру) әзірлеуге қатысады, жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасайды;
-
Съезді, Съезд Хатшылығын және Хатшылықтың Жұмыс тобын дайындау мен өткізуге қатысады.
Құжаттарды тапсыру үшін мекенжай: / электрондық мекенжай: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 57, 5-қабат. Телефоны: 266155, электрондық мекенжайы: job@iciid.org
Өтініш беру шарттары: Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысандағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш (№1 қосымша);
2) белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша);
3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
4) тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін):
6) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды.