Ұйым: «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ
Құрылымдық бөлімше: Әдістемелік жұмыс және жинақтау департаменті
Лауазымы: аға сарапшы
Функционалдық міндеттері:
- Қазақстанды халықаралық дінаралық және өркениетаралық диалогты қамтамасыз етудің халықаралық орталықтарының бірі ретінде ілгерілету қызметтерін көрсету бойынша мемлекеттік тапсырманың орындалуына қатысты айлық және қорытынды шығармашылық есептерге қосымшалар жинағын қалыптастырады;
- Департаменттің айлық шығармашылық есебін дайындайды;
- Орталықтың регламенті мен құжат айналымы бойынша қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес департаментте іс қағаздарын жүргізуді, архив номенклатурасы мен қызметтік құжаттаманы қалыптастырады;
- Орталық басшылығы мен уәкілетті мемлекеттік орган қатысатын іс-шараларға арналған материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді;
- Департаменттің және Орталықтың құжаттарын мемлекеттік тілге аударуды қамтамасыз етеді;
- Съезд, Съездтің Хатшылығы, Хатшылықтың жұмыс тобының дайындалуы мен өткізілуіне қатысады.
Білімге қойылатын талаптар:
Гуманитарлық ғылымдар (мүмкіндігінше – халықаралық қатынастар, тарих, философия, дінтану, аймақтану, мәдениеттану, филология, журналистика, қоғаммен байланыс) саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, құқық (мүмкіндігінше құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар және бизнес (дұрысы – экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару);
1 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы.
Құжаттарды тапсыру үшін мекенжай:/электрондық пошта: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 57, 5 қабат. Телефоны: 87783044495 (ватсап), электрондық пошта: job@nnort.org
Өтініш беру шарттары: конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысандағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш (№1 қосымша);
2) белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша);
3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
4) тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін):
6) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды.
Толығырақ ақпарат алу үшін http: http://religions-congress.org/ru/news/vakansii