Ұйым: «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ
Құрылымдық бөлімше: Діни ахуалды талдау және мониторинг департаменті
Лауазымы: Негізгі қызметкер болмаған кезеңде аға сарапшы - 2 бірл.
Функционалдық міндеттері:
- Ақпарат жинаудың түрлі әдістерін (контент-талдау, пікіртерім, байқау, статистикалық деректерді талдау, құжаттарды талдау және т. б.) қолдана отырып, діни ахуалға мониторинг жүргізеді;
- Департаменттің құзыреті мен бағытына қатысты жұмыс жоспарын, ақпараттық және әдістемелік материалдарды, есептерді, аналитикалық жазбалар мен баяндамаларды және өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысады;
- Дін саласында мониторингті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысады;
- Дін мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және сараптамалық-талдау жұмыстарына қатысады;
- Халықтың қалың жігі арасында діни және мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысады.
Білімге қойылатын талаптар:
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы. Жұмыс өтілі қажет емес.
Құжаттарды тапсыру үшін мекенжай:/электрондық пошта: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 57, 5 қабат. Телефоны: 87783044495 (ватсап), электрондық пошта: job@nnort.org
Өтініш беру шарттары: конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысандағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш (№1 қосымша);
2) белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша);
3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
4) тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін):
6) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды
Толығырақ ақпарат алу үшін http: http://religions-congress.org/ru/news/vakansii