Жалпы ақпарат, білім
1984 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 2004 жылы бітірген, халықаралық заңнамасынын маманы. Т.Рыскулов атындағы Қазақ экономикалық университетін 2006 жылы бітірген, қаржы бакалавры.
2022 жыл- І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетін 2022 жылы бітірді, іскерлік әкімшілік магистрі.
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 100 жыл» естелік төсбелгісімен марапаттаған.
Мансап
Еңбек жолын 2005 жылы Қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарынан бастады.
2018–2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ішкі тергеп-тексеру департаментінің Ішкі инспекция тобындағы Бас прокурордың аға көмекшісі қызметін атқарған.
2020 жылы - Бас прокуратураның қызметкері жұмысын атқарған.
2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Апелляция департаменті директордың орынбасары жұмыс атқарған.