Туған күні
1973 ж., 18 қыркүйек. Жезқазған қ.
Білімі: Жоғары
Жезқазған тау-кен технологиялық институты (1995)
Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек өтілі:
- Жезқазған тау-кен технологиялық институтының "Кәсіпорындағы экономика және басқару" кафедрасының ассистенті, Жезқазған қаласы (08.1995-11.1996);
- Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің стажер-зерттеушісі, Қарағанды қ. (11.1996-12.1997);
- аға оқытушы (12.1997-04.1999), кафедра меңгерушісінің орынбасары (04.1999-02.2002), кафедра доценті (02.2002-05.2002), О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Кәсіпорындағы бизнес және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі., Жезказган (05.2002-02.2006);
- О. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Экономика және құқық» Институтының директоры., Жезказган (02.2006-10.2006);
- «Экономика және қаржы» кафедрасының доценті (10.2006-09.2012), «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы меңгерушісінің м. а. (09.2012-07.2013), «Экономиканы басқару» кафедрасы меңгерушісінің м. а. (07.2013-11.2016), басқару институты директорының м. а. (11.2016-01.2017), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы директоры, Астана қаласы (01.2017-08.2019);
- 2019 жылғы 21 тамызда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталған;
Британдық PRINCE2 ® жобаны басқару әдісінің және жобалық, бағдарламалық және портфельдік басқару саласындағы ұлттық стандарттың аккредиттелген жаттықтырушысы болып табылады СТ РК ISO 21500/21503/21504.
«Ерен енбегі үшін» медалімен марапатталған (2020);