Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ XXIV ОТЫРЫСЫНЫҢ ХАТТАМАСЫ

 

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ

ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ XXIV ОТЫРЫСЫНЫҢ

ХАТТАМАСЫ

2026 жылғы 7 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының Басшысы Ерлан Тынымбайұлы Қариннің төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының XXIV отырысы өтті.  

Отырысқа қатысқандар:

ИСЛАМ ӨКІЛДЕРІ (7):

  • Абдулрахман Мұса – Әл-Азһардың Бас имамының Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесшісі (Мысыр).
  • Мохаммед Абдулуахид Әл-Арифи – Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам, шақыру және тәлім беру істері жөніндегі министрдің кеңесшісі (Сауд Арабиясы Корольдігі).
  • Шейх-Уль-Ислам Аллахшукюр Пашазаде – Кавказ Мұсылмандары Басқармасының төрағасы (Әзербайжан).
  • Усама Фахри – Мысыр Араб Республикасының Уақыфтар министрлігінің Мешіттер және қасиетті Құран істері жөніндегі Орталық департаментінің басшысы, доктор (Мысыр).
  • Фатих Мехмет Караджа – Түркия Республикасы Дін істері басқармасы төрағасының орынбасары (Түркия).
  • Али Акбар Зиаи – Иран Ислам Республикасы Президентінің жанындағы Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының дінаралық және мәдениетаралық диалог орталығының жетекшісі, доктор (Иран).
  • Мұхаммед Зия Үль-Хак – Наровал университетінің вице-канцлері, доктор (Пәкістан).

ХРИСТИАН ӨКІЛДЕРІ (6):

  • Нектарий – Ыстамбұл қаласындағы қасиетті қала Иерусалим  Патриархының  өкілі (Израиль).  
  • Игорь Выжанов – Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімі (СШББ) төрағасының орынбасары, протоиерей (Ресей).  
  • Лоран Басанезе – Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясы кеңсесінің басшысы (Ватикан).
  • Ростислав Новгородов – Қазақстан Республикасындағы Інжіл-лютеран шіркеуінің басшысы, Дүниежүзілік Лютеран Федерацияның өкілі, Епископ (Қазақстан).
  • Джо Бэйли Уэллс – Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары, Англикан қауымдастығының епископтық қызметі мәселелері бойынша епископы (Ұлыбритания ).
  • Маркус Б.Нэш– Жетпіс Президенттігінің мүшесі, Еуразия өңіріндегі шіркеу басшысы (АҚШ).

ИУДАИЗМ ӨКІЛДЕРІ (2):

  • Авиноам Йехонатан Кутчер – Израильдің Бас Ашкенази раввинінің арнайы өкілі (Израиль).
  • Давид Антеби Сакка – Израильдің Бас Сефард раввинінің кеңесшісі (Израиль).

БАХАИ ӨКІЛІ (1):

  • Дэвид Рутштейн – Бахаи халықаралық қауымдастығының Бас хатшысы, доктор (Израиль).

БУДДИЗМ ӨКІЛДЕРІ (1):

  • Цю Шуан – Қытай Буддистер қауымдастығының вице-президенті, Цзянсу провинциясы Буддистер қауымдастығының президенті (Қытай).

ДАОСИЗМ ӨКІЛІ (1):

  • Сунь Сяо – Қытай даосистер қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары, Бейжің  Дунъюэмяо  ғибадатханасын басқару комитетінің төрағасы, даос (Қытай).  

СИНТОИЗМ ӨКІЛІ (1):

  • Мегуми Абэ – «Джинджя Хонче»  синтоистік храмдар қауымдастығының Білім беру орталығының халықаралық бөлімінің меңгерушісі (Жапония).

ИНДУИЗМ ӨКІЛІ (1):

  • Паллави Налавде-Джамбхале  – «Somaiya Vidyavihar» университетінің Дхарманы зерттеу институтының деканы және директоры, доктор (Үндістан).

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ (4):

  • Абдулрахман Абдулла Әл-Заид – Дүниежүзілік ислам лигасы Бас хатшысының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі орынбасары (САК).
  • Нихал Саад – БҰҰ Өркениеттер альянсының директоры.
  • Мұхаммед Абдельсалам – Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы (БАӘ).
  • Марван Сарвар Гилл – АМҰ (Америка мемлекеттері ұйымының) діни наным-сенім бостандығы мәселелері жөніндегі комиссары, имам (Аргентина).

САЯСИ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ (1):

  • Афра Аль Сабри – Толеранттылық және бейбіт қатар өмір сүру министрлігінің бас директоры (БАӘ).

ҚАЗАҚСТАН ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ (4):

  • Наурызбай қажы Тағанулы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.
  • Сергий Карамышев – Успен кафедралды соборының архимандриті.
  • Томаш Бернард Пэта – Астана қаласындағы Қасиетті Мәриям Рим-Католиктік Архиепархиясының архиепископ- митрополиті.
  • Ешая Элазар Коген – Қазақстанның Бас раввині.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ (4):

  • Ерлан Қарин – Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы.
  • Ержан Ашықбаев – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.
  • Рустам Али – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
  • Қанатбек Жайсанбаев – Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы.
  • Гүлсана Қожабай – «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы.

Съезд Хатшылығының XXIV отырысы барысында мынадай күн тәртібі бекітілді:

  1. Съездің «Діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі» және «Дін саласындағы жасанды интеллектті қолданудың этикалық кодексі» бірлескен құжаттарын таныстыру
  2. Жазылмайтын дертке шалдыққан баланың құқықтары жөніндегі хартияны таныстыру.
  3. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының XXV отырысының өтетін күні мен орнын айқындау.
  4. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының XXIV отырысының Хаттамасын қабылдау.

Съезд Хатшылығының XXIV отырысы барысында Күн тәртібінің барлық тармақтары бойынша нәтижелі әрі сындарлы пікір алмасу өтті.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша баяндамалар мен пікірталастарға Хатшылықтың барлық мүшелері қатысты.

Съезд Хатшылығының XXIV отырысына қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып, мынадай шешімдер қабылданды:

  1. Съездің «Діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі» және «Дін саласындағы жасанды интеллектті қолданудың этикалық кодексі» бірлескен құжаттарын қабылдау.
  2. «Жазылмайтын дертке шалдыққан баланың құқықтары жөніндегі хартияны» мақұлдау.
  3. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының XXV отырысын 2027 жылғы 6 қазанда Астана қаласында өткізу.
  4. Съезд Хатшылығының XXV отырысын сапалы дайындау мақсатында 2027 жылғы 5 қазанда Хатшылықтың Жұмыс тобының кезекті отырысын өткізу.
  5. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының XXIV отырысының Хаттамасын қабылдау.
  6. Қабылданған шешімдер туралы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерін және басқа да көрнекті діни қайраткерлерді хабардар ету.

2026 жылғы 7 қазанда Астана қаласында қазақ, орыс, ағылшын, араб, парсы және қытай тілдерінде бір түпнұсқа данада жасалды, бұл ретте құжаттың барлық тілдегі нұсқаларының күші бірдей.

Хаттама Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының штаб-пәтері – Конфессияаралық және дінаралық диалогты дамыту жөніндегі халықаралық орталықта сақталады, ал орталық әрбір Тарапқа Хаттаманың төлнұсқасын жібереді.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,

2026 жылғы 7 қазан