Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда «Дін саладағы ақпараттық-түсіндіру жұмысының жағдайы мен жетілдіру бағыттары» тақырыбындп дөңгелек үстел өтті

Бөлісу

2020 жылдың 29 қазанында «Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысының жағдайы мен жетілдіру бағыттары» онлайн форматта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институты дайындаған талдамалық баяндама ұсынылып, талқыланды.

Баяндама діндер саласындағы аймақтық сарапшылармен, Қазақстанның 17 облысындағы фокус-топтармен жүргізілген, 20 сараптамалық сұхбаттың, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Дін істері комитетінің, жергілікті атқарушы органдардың құжаттары мен материалдарын талдау нәтижелері бойынша зерттеу негізінде дайындалған.

Дін саласындағы түсіндіру жұмыстары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті және діндер саласындағы аймақтық жергілікті атқарушы органдар басты назарында. Еліміздің барлық аймақтарында ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істейді, олардың міндеті - халықтың конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат туралы хабардарлығын арттыру; толеранттылықты, қазақстандық қоғамның рухани бірлігін қалыптастыру, қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын насихаттау; қоғамда деструктивті жалған діни ұйымдар мен ағымдардың, сондай-ақ экстремизм мен терроризм идеяларының таралуын болдырмау.

Шараға Республикасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің өкілдері, дін саласындағы облыстық атқарушы органдардың мамандары, облыстық дін істері басқармаларының өкілдері, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының қызметкерлері, сондай-ақ, облыстық дін істері дирекцияларының, Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының өкілдері белсенді қатысты. Атап айтқанда  Жақиянов Дулат Жардемқұлұлы – «Діни мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің Ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы - Өскемен қаласы, Синяков Олег Витальевич – «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ-нің Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту бөлімінің сарапшы маманы - Петропавл қаласы, Халықов Медет Мұзапбарұлы – Түркістан облысының әлеуметтік даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары қатысты.

Талдау есебін дайындау барысында республикада ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді, олар мемлекеттік мекемелер, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын сарапшыларға ұсынылды.