Жаңалықтар

Орыс шіркеуінде Сталинді қаһармандандырудан сақтандырады

Бөлісу

Мәскеу. 6-мамыр. ИНТЕРФАКС – Мәскеу патриархатында КСРО-ның ешбір жетістіктері, соның ішінде фашисттерді жеңу, Сталиннің қылмыстарын ақтай алмайды деп Мәскеулік патриархат есептейді.

«Сталиннің кезінде адамгершілікке жатпайтын жүйе құрылды, және оны ешнәрсе: индустрияландыру да, атомдық бомба да, мемлекеттік шекараларды сақтап қалу да, тіпті Ұлы Отан соғысындағы жеңіс те ақтай алмайды, өйткені бұның бәріне қол жеткізген Сталин емес, біздің көп ұлтты халқымыз», - деп Мәскеулік патриархаттың Сыртқы шіркеулік байланыс бөлімінің сайтында жарияланған СШББ-і басының орынбасары игумен Филипп (Рябых)-тың «Завтра» газетінің редакторына жолдаған хатында айтылады.

Бұл хатты Филипп әке СШББ басы митрополит Иларион Волокаламскийдің атынан жолдады. Бұрында А.Проханов архиепископ Иларионға әміршіден мақалалардың бірінде айтылған тарихтағы Сталин тұлғасының рөліне деген ұстанымын түсіндіруді сұраған хатын жолдаған.

Дін қызметшісінің сөзіне қарағанда, Сталин құрған тәртіптеме «лаңкестік, зорлық, адами тұлғаны жою, жалған және құпия өсек тасушылыққа негізделген. Қанішерлердің өздері құрбанға айналған кезде бұл тәртіптеме өзін өзі құртып, уақытша жетістікке жетті».

«Құдайсыздарды және олардың басқару жолдарын қаһармандандару тарихи Ресей халықтарына біріктіруші бастама бола алмайды. Керісінше, бұл біздің қоғамымызды бөледі», - деп Филипп әке атап айтты.

Оның айтуы бойынша, Ұлы Отан соғысындағы жеңіске «Сталин басшылығының арқасында емес, біздің халық қол жеткізді».

«Дұрыс ойластырылмаған соғысқа дейінгі ішкі саясат салдарынан біздің отандастарымыздың миллиондаған өмірлерін жеңіс алаңына салып, оның кінәсімен біз осындай қыруар құрбанға тап болғандығымыз жайлы беделді тарихшылардың пікірі бар», - деп хатта айтылды.

Сталин «ұлы орыс кеңістігін» қалпына келтіргендігі туралы А.Прохановтың сөзіне түсініктеме бере отырып, діни қызметкер өз еркімен «ұлы орыс кеңістігін» қайта құрып, бұрынғы кеңес республикалары арасындағы жасанды шекараларды орнатып, «күллі заман мен халықтар көсемі» «баяулатылған әсер бомбасының» негізін салғанын атап өтті.

«Осы сталиндік саясат нәтижесінде біз экстремизм, ұлтшылдық және ксенофобияның жемісін жеп жүрміз. Қазір тарихи Русьтің (қазіргі Ресей, Украина,Белоруссия, Молдавия және басқа қазірде тәуелсіз мемлекеттердің) аумағындағы бір ғана байланыстырушы қолтаңба – бұл Орыстың православиелік шіркеуі. Егер де бұрынғы Ресей империясын ұлттық-аумақтық бөлу түріндегі тәжірибе болмаса, тұтас мемлекетті бөлу және 1990-жылдардың басындағы оның бар болуын тоқтату мәселесі туындамаушы еді», - деп хатта айтылады.

Оның авторы жуырдағы ел тарихы жөніндегі пікірталастар «мәдениетті түрде жүргізіледі және тұтас халықты екі қас лагерьге бөлмейді» деген үмітін білдірді.