Жаңалықтар

Қазақстан факторы

Бөлісу

Біздің республикамыз келесі жылы төрағалық ететін «Ислам конференция» Ұйымының Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінде сөз сөйледі. Ол ИКҰ мақсаты мен міндеті ЕҚЫҰ мақсаты мен міндетінен айтарлықтай ерекшеленбейтінін атап айтты, себебі қос ұйым халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталған.

Осыған байланысты ИКҰ мен ЕҚЫҰ арасындағы байқалатын ынтымақтастықты нығайту – бұл аталған құрылымдардың екіншісінде бүгінгі таңда төрағалық ететін Қазақстан елеулі орын алатын жағымды үрдіс. 2011 жылы ҚР жалпы алдағы өзара ықпалдастықты дамытуға нағыз байланыстырушы буын бола алады.

Бұдан басқа, ИКҰ Бас хатшысы исламофобияның өсуіне назар аударды. Оның пікірінше, осы жағымсыз құбылыспен, төзімсіздік пен мұсылмандарға деген кемсітушілікпен күресте үйлестірілген күш салысу қажет, себебі бұл – тұрақтылық, бейбітшілік және қауіпсіздікке төніп тұрған аса қатерлі қауіптер қатарында тұр.

Біз қауырт жағдай туғызуда белсенді түрде қатысатын және діни себептермен опасыздық әрекет пен арандатушылық арқылы тұрақтылық, ынтымақ және тіпті бейбітшілікке қауіп төндіретін экстремистік элементтер дінді халықаралық қатынастардың күн тәртібіне енгізу жайындағы ақиқатты елемеу мүмкін емес», - деп Э. Ихсаноглу атап айтты.

Оның сөзіне қарағанда, кең бұқарадан бастап адамдардың уәждемесіне экстремистерді қабыл алмау үшін ЕҚЫҰ мен ИКҰ-на сөзсіз және нәтижеге қол жеткізуді көздейтін күш салуды біріктіретін кез келді.

Осыған байланысты Бас хатшы ЕҚЫҰ-ын «жақындап келе жатқан тұрақтылық, келісім және қауіпсіздікке төніп тұрған қатерге» ерекше көңіл бөлуге шақырып, Астанада маусым айында өтетін толеранттылық пен кемсітпеушілік мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі Конференция шеңберінде мұсылмандарға деген кемсітушілікке қарсы күрес жолдарын қарастыру ниетін қолдады.