Жаңалықтар

Орыс және Константинополь Шіркеулерінің Басшылары Бүкілправославиелік шіркеудің шақырылымына дайындығын талқылады

Бөлісу

Мәскеулік және күллі Русьтің Патриархы Кирилл және Константинопольдік және Бүкіләлемдік Патриарх Варфоломей Бүкілправославиелік шақырылымына дайындығын талқылады. Бұл туралы таяу арада Ресейге жасаған 10-күндік сапарының қорытындыларын түйіндеп, Патриарх Варфоломей «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында айтты деп ИТАР-ТАСС хабарлайды.

Қазіргі таңда «бұл – православиелік әлем үшін ең басты мақсат» екенін атап, «Біз православиелік Шіркеудің Киелі Ұлы Шіркеуінің шақырылым барысын тездетуге шешім қабылдадық», - деп айтты Патриарх Варфоломей.

Патриарх Варфоломейдің сөзіне қарағанда, ол Константинополь шіркеуінің басы болғанда осыдан 19 жыл бұрын дайындық үдерісін жандандыруға ат салысқан. Бүкілправославиелік щақырылымды өткізудің нақты мерзімдері әлі белгіленбеген, алайда шақырылым келер жылы өтеді деп алдын ала шамалауға болады. «Осы жылдың соңына, немесе келесі жылдың басына тақырыптарды қарастыруды аяқтаймыз», - деп Патриарх Варфоломей үмітін білдірді.

«Күн тәртібі қазірдің өзінде-ақ анықталған – бұл он тақырып», - деп ол атап айтты. Олардың ішінде – «автокефалияның, немесе Шіркеу автономиясын жариялау қалайша өтеді», «диптих» мәселесі (яғни, православиелік Шіркеулердің сатылы лауазымы), сондай-ақ, «ауыз бекіту туралы» мәселе.

Бүкіләлемдік Патриарх Бүкілправославиелік шақырылымның тақырыбы ретінде ішкішіркеулік мәселе ғана емес, қазіргі заманғы өркениет, атап айтқанда, экология мәселесі бола алатындығын жоққа шығарған жоқ.
«Ғылымның құрбандығына емес, қазіргі заманның қыр көрсетулерін шешу мақсатында шіркеу уақытпен бірге аяқ басуға тырысады», - деп атап өтті Контсантинопольдік шіркеудің жетекшісі.

Екі жыл бұрын, «көптеген жылдар бойы қоршаған орта мәселелерін зерттеумен шұғылданатын Бүкіләлемдік патриархтың бастамасымен» экология мәселелері жөніндегі арнайы комиссия құрылған еді. «Шіркеу және ғылым өкілдері арасында байланыс орнатылуы үшін барлық православиелік Шіркеулер өкілдерінің, сондай-ақ, өзге дін өкілдерінің қатысуымен сегіз симпозиум» өтті», деп хабарлады Патриарх Варфоломей.

Константинопольдік Патриарх Ресейге жасаған 10-күндік сапарын Санкт-Петербургтың киелі орындарына барып қайтумен аяқтады. Мәскеулік Патриарх және күллі Русьтің Патриархымен бірге олар Патша ауылына барып қайтты. Патриарх Варфоломей Кәріптас бөлмесіне ерекше қызығушылығын танытты.

Константинопольдік православиелік шіркеу басшысының ресми лауазымы – «Құдайдың Бүкілкиелі Константинопольдің – Жаңа Римның Архиепископы және Бүкіләлемдік Патриарх». Тарихи ең көне Константинопольдік Шіркеу тәуелсіз 15 православиелік әлем шіркеулерінің ішінде басты орын алады.