Жаңалықтар

Назарбаев Қазақстанның ел басы - негізін қалаушы – «Интернэшнл Геральд Трибьюн» өкілі С. Данбар-Джонсон

Бөлісу

Нұрсұлтан Назарбаев осы сөздің шынайы мағынасында Қазақстанның ел басы – негізін қалаушы деп «Интернэшнл Геральд Трибьюн» өкілі, баспагер Стивен Данбар-Джонсон IV Қазақстандық инвестициялық басқосуда мәлімдеді.

Форумдағы өз баяндамасында ол «Алпауыт ядролық әлеуеті бар Кеңес Одағы қалдырған мұрасынан бас тартып, Н.Назарбаев тәуелсіздікке қол жеткізу жолында елін ауыр жағдайдан алып шықты. Ол әрі қиындықтан шығу, әрі толғандыратын мәселелерді шешу жолдарын таба білді» деп атап айтты.

Стивен Данбар-Джонсон Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы тұрмыс деңгейінің стандарттарын жақсарту, экономиканы жетілдіру, жаңа орта классты қалыптастыру мақсатында айтарлықтай жұмыс жасады, сондай-ақ, көптеген этника арасында үндестік пен тұрақтылықты қамтамасыз етті.

Оның айтуы бойынша, Қазақстан өз ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымен өзінің бейбіт бастамаларын дәлелдейді.