Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында 11 маусымға қараған түні сол жерде тұратын қырғыздар мен өзбектер арасында қарулы қақтығыстар басталды. Бір апта бойы тұрғын үйлерді қиратулар, тонаулар және өртеулер жүріп жатты. Үкімет бірқатар Ош аудандарында және тәртіпсіздіктер белең алған көршілес Жалал-Абад облысында коменданттық сағат енгізді. Ресми деректер бойынша, Қырғызстанның оңтүстігіндегі қақтығыстар кезінде қаза болғандардың саны 290 адамнан асты. Халықаралық ұйымдардың деректері бойынша, Өзбекстан аумағына 110 мыңға жуық қырғыз қашқындары барған.
«Қырғызстандағы шиеленістердің ең ащы салдары сонда, сенімсіздік ошағы аумақтағы басқа халықтар арасында да тұтануы мүмкін», - деп мәлімдеді Астанада өтіп жатқан төзімділік пен кемсітпеу жөніндегі жоғары деңгейдегі ЕҚЫҰ Конференциясының ашылуында сөз сөйлеген Назарбаев.
Оның есептеуінше, бұл, ЕҚЫҰ мүше-мемлекеттеріне қатер төндіретін, аумақтағы тұрақтылыққа елеулі қауіп болып табылады.
«Шын мәнінде, алғы шебі көршілес Ауғанстанда өтіп жатқан халықаралық лаңкестікпен, экстремизммен күресудің майданы әлсірейді. Аумақтағы ретсіздіктер мен тұрақсыздық заңсыз наша айналымының шонжарларына, қару-жарақ пен адам саудалаушыларға қолайлы», - екендігіне сенімді Назарбаев.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай шиеленістерді шешуге көмектесетін, төзімділік пен кемсітпеушілік мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ Орталығын құру қажет деп есептейді.
"Осындай институттың әрекеті ЕҚЫҰ елдеріндегі әртүрлі этникалық, діни қауымдастықтар арасындағы қарым-қатынастың оңдалуына, шиеленістердің алдын алуға, туындаған келіспеушіліктерді жедел шешуге көмектесетіндігіне сенімдімін, және бұл бүкіл біздің ұйымның тиімділігі беделінің жоғарылауына қызмет ететіндігі сөзсіз», - деп атап өтті президент.