Жаңалықтар

Қазақстан мұсылман әлемімен ынтымақтастығын нығайтуда қызығушылық білдіруде - СІМ

Бөлісу

Мемлекеттік хатшы – Қазақстан сыртқы істер министрлігінің арнайы елшісі Бағдат Әміреев республиканың сыртқы саяси ведомствосы басының жолдаухатын Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглуға тапсырды, онда Қазақстанның мұсылман әлемімен түрлі салаларда ынтымақтастығын тереңдетуде қызығушылық білдіруі расталады деп сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстан ИКҰ қызметінің саяси, экономикалық және мәдени аспектілерінің модераторы қызметінде ислам қауымдастығының өзекті мәселелерін тиімді шешуге, Ұйымның әлеуетін халықаралық қауіпсіздікті, экономикалық байланыстарды нығайту үшін шоғырландыруға, цивилизациялар диалогының үдерісін жетілдіруді көздейді», - деп бейсенбі күні жарияланған хабарламада айтылады.

Қазақстан, ведомство атап айтқандай, ИКҰ-да ЕҚЫҰ-дағы мықты әрі мағыналы төрағалығының практикасын жалғастыруға ниетін білдірді.
Өз кезегінде, ИКҰ бас хатшысы республиканың өзара ынтымақтастық мәселелеріне назарын қолдады. Ол Ұйымның мүше-мемлекеттерінің Қазақстанды және оның ИКҰ елдері Сыртқы істер министрлерінің 38-ші кеңес төрағасы қызметіндегі бастамаларын қолдауға нақты бел буғанын растады.

«Ихсаноглу республика президенті Назарбаевтың жетістікті халықаралық дипломатиясы кепіл болып табылатын келер қазақстандық басшылықтың сәттілігіне сенетінін атап өтті», - деп хабарламада көрсетіледі.