Бейбітшілік және келісім сарайында «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияны аша келіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшлығының Басшысы Қасым-Жомарт Токаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың конференцияға қатысушыларына арналған үндеуін оқып берді.
Үндеуде Мемлекет басшысы терроризм қатері халықаралық қауіпсіздік туралы түсінігімізді түбегейлі өзгерткенін айта келіп, «Осынау қауіпке тойтарыс беретін бірегей әрі жалпыға ортақ шешім әзіргѐ жоқ, сондықтан бұл жаһандық індетке лайықты қарсы тұру жолында бірлескен күш-жігерімізді еселей түсуіміз қажет» - деп атап өтті.
Қазақстан Президенті «Діндер терроризмге қарсы» атты халықаралық конференция Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі ая̀сында сәтті өтіп жүрген саяси және дінѝ қайраткерлер сұхбатының бірегей форматын дамытуға айрықша серпін береді деп есептейді. Үндеуде форумға қатысушылар терроризмге қарсы іс-қимыл барысындағы діннің рөлін арттыруға бағытталған тың идеялар ұсынылатынына сенімді екені айтылған.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде конференцияда талқыланатын негізгі мәселелер туралы ойларын ортаға салды.
Сенат Төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі секілді диалог алаңы XXI ғасырда айрықша қажет екенін көрсетіп отырғанын атап өтті. «2015 жылы маусымда өткен форум Съезді жетекші діни және саяси лидерлер диалогінің деңгейіне көтерді. Съезд жұмысына алғаш рет БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Иордания Королі Абдалла II, Финляндия Президенті Саули Ниинистё және барша діни көшбасшылар қатысты», - деді Төраға.
Терроризм қаупі арта түскені туралы айта келіп, Қ.Тоқаев, террористердің іс-қимылдарының әдістері мен түрлері кеңейе түскендігіне тоқталды: «Радикалды топтар тұрақты қаржыландыруға ие болып, қазіргі заманғы технологияларды тиімді пайдалануда әрі олар «квазимемлекеттік құрылым» мәртебесіне ашық түрде талаптанып отыр», - деді.
Парламенттің жоғарғы Палатасының Төрағасы шегіне жеткен кедейлікті, аштық пен түрлі эпидемияларды түбегейлі жоюдың, білім беру мен ағартушылықты жаңа деңгейге көтеру, сондай-ақ әскери жанжалдарды реттеудің маңызы зор екеніне назар аудартты.
Қ.Тоқаев атап өткендей, терроризмге қарсы тұру жеке мемлекеттердің немесе олардың ішіндегі топтардың ғана емес, барша әлем қоғамдастығының міндеті екенін айта келіп: «Діни қайраткерлер мен парламентшілер қалың жұртшылықтың көрнекті және ықпалды өкілдері ретінде алдын алу шаралары, дағдарыс жағдайында басқару және терроризм мен экстремизмнен зардап шеккен қоғамды қалпына келтіру сынды экстремизмге қарсы жұмыстардың барлығына әдістемелік тұрғыдан тартылуы тиіс», - деді.
Сонымен бірге Сенат Төрағасы дінге сенетін адамдардың сезімін қорлайтын экстремистердің дінге қарсы әрекетін айыптап, халықаралық-құқықтық деңгейде сөз бостандығы мен Құдайға тіл тигізудің аражігін ажыратуға шақырды.
Шарада халықаралық ұйымдардың басшылары, дүние жүзі елдері парламенттерінің депутаттары, белгілі діни қайраткерлер, сондай-ақ дипломатиялық корпустардың өкілдері және сарапшылар сөз сөйледі. Конференцияға 41 мемлекеттен құрамында екіжүзден астам делегат бар 63 делегация келді. Форумға қатысқан діни қайраткерлердің арасында ислам, христиан, иудаизм, буддизм, даосизм және индуизм өкілдері бар. Сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, БҰҰ Өркениеттер альянсы, ЕҚЫҰ ДИАҚБ, АӨСШК және Король Абдалла атындағы Дінаралық және мәдениетаралық үнқатысу Халықаралық орталығының өкілдері де келді.
Конференция барысында «Діндер терроризмге қарсы» конференциясына қатысушылардың мәлімдемесі келісілді және қабылданды. Онда барша әлем қауымдастығын терроризмге қарсы күрес жолында күш біріктіруге шақыру бар және парламентшілер мен діни қайраткерлердің сындарлы диалогі өзінің лайықты жалғасын табатынына кәміл сенім білдірілген. Құжатты шараға қатысушылардың атынан ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла оқып берді.
Форум Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаһандық контртеррористік стратегия ережелері мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес БҰҰ-ның аясында жаһандық антитеррористік коалиция құру және БҰҰ-ның терроризммен күрес жөніндегі мәселенің бәрін қамтитын құжатын қабылдау туралы бастамасына қолдау білдірді. Одан басқа, делегаттар әлем қауымдастығын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың соғыстар мен жанжалдар вирусын жою бойынша үйлесімді және жауапты іс-қимылдар ұсынатын «Әлем. ХХІ ғасыр» атты Манифесін қолдауға шақырды.