2025 жылғы 19 мамырда Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Басқарма төрағасының м.а. Марат Қалижанов Франция Республикасы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті.
Кездесу барысында тараптар халықаралық аренадағы дінаралық диалогты дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесуде қозғалған негізгі мәселелердің бірі алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі болды.
Марат Қалижанов Франция делегациясының өткен Съездерге белсенді қатысқанын айта келіп, дінаралық бейбітшілік пен өзара түсіністікті күшейтуде қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Кездесуде дінаралық диалогты орнықтыру екі тараптың мүддесі екені айтылып, қоғамдағы тұрақтылықты орнатудың маңызы баяндалды.
Елші Сильван Гиоге Халықаралық орталықта өтіп жатқан «Бейбітшілік және келісім» көрмесіне қатысып, еліміздегі этносаралық татулық пен рухани үндестікке арналған экспозицияны тамашалады.