Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге қатысты

Бөлісу

2023 жылғы 15 тамызда Астанада Свами Вивекананд атындағы Мәдени орталығы ғимаратында Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 77 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Мереке уақытша сенімді өкілі - Дигвиджай Санджай Патил мырзаның туды көтеруден басталды. Іс-шара жалғасында Үндістанның мемлекеттік әнұраны орындалып, Үндістан Президентінің ұлтқа Үндеуі оқылды.

Іс-шараға Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев, қазақстандық және шетелдік қоғам қайраткерлері, сондай-ақ дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты.

Тәуелсіздік күніне орай туды көтеру акциясы Алматы қаласында ұйымдастырылды, оған Үнді қауымдастығының 100-ге жуық мүшесі қатысты.