Жаңалықтар

Жастардың ізгілікті білімдерінің діни психологиялық негіздері

Бөлісу

Қазіргі кезеңді дін мен психология бағдарларының өзгеру уақыты деп атауға болады. Яғни соңғы он жылдағы қоғамдық өмірдегі дін мен психология рөлі мен орны ерекше өзгерді. Бүгінгі таңда оның әсері саясат, экономика, білім, неке және отбасылық қатынастар және т.б. болсын, адам өмірінің барлық салаларында сезіледі.

      Мәселен діни психология дереккөздерді талдау барысында адамгершілік, пен рухани тәрбиенің сипатын ашатынын анықтап, қалыптастыруға мүмкіндік берді. Сонымен, қатар адамгершілік тәрбиені жеке моральдық принциптер жүйесін іске асыратынын ескере отырып, белгілі бір қатынастарды, әлеуметтік нормаларды сақтауға деген көзқарасты қалыптастыру процесі деп түсіндіреді. Осы қағидаларды ұстана отырып, дін мен психологияның басты ұқсастығы оның өмірге құндылық қатынасын қалыптастырудағы үстемдігімен ерекшеленеді, ал ол болашаққа деген кез келген адамның әртүрлі жағдайда үйлесімді өмір сүруіне және өзін-өзі дамытуын жүзеге асыруына негіз болады. Жастардың дамуы, істері мен ойларына мән беретін міндеттері мен әділеттілік пен шынайылық, жауапкершілік және басқа да игі қасиеттерді оятады. Көп мәселе білімсіздіктен туатыны даусыз. Осы мәселелерді бүгінде, негізге ала отырып интернет пен жоғары технологиялар ғасырында, ақпарат легі тасқындаған заманда әр адамның өзінде «ішкі сүзгі» болу керек.

      Ал дифференциялды психология тұрғысынан нақтылайтын болсақ, кез келген адам бойында өзіне деген сенімділік, сана мен жігер болса, діни психологиялық салада білімдерін арнайы ЖОО- да жетілдіргендер діни алдау арбауларға жол бермейді. Біз өзіміздің отандасымызбен, отбасы мүшесімен, ағайынымызбен тартысқа түсетін халге жетпеуіміз үшін қажет. Дәстүрлі дінге қайшы ағымдарды қоғамда деструктивті немесе теріс пиғылды діни ағымдар деп атайды. Яғни, «деструктивті» деген сөз латын тілінен «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді. Жалпы айтсақ, діннің атын жамылған жат ағымдардың топтардың мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарымызды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. Тіпті, өздерінің істеген істерін және сөйлеген насихат сөздерін дәлелдеу мақсатында Қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, жастардың санасын улап, жат идеологиясын таратады. Алайда бұл ағымдағылар өздерін шынайы діндар және ақиқат жолындағылар ретінде санайтындықтан, олардың қатары әлі де болса көбею үстінде. Мұндай жолдарға, керітартпа ағымдарға кетпеудің ең әуелгі жолы – діни психологиялық құндылықтарды арттыру.

     Діни құндылықтар негізінде білім беру тәжірибесін зерделеу оның дін психологиясының негізгі функцияларымен, сондай-ақ қазіргі білім беру парадигмасының гуманистік бағдарланған ұстанымдарымен үндестігі айқын анықтау кажет. Мысалы, қазіргі заманғы тәрбие мазмұны тұжырымдамасына толық сәйкес келетінін аңғарамыз. Бұған «рухани мұра», «сенім», «адам», «рух», «жан», «үміт», «махаббат», «зорлық-зомбылық пен зұлымдыққа қарсы тұру» және т. б. сияқты өмірлік және мағыналық ұғымдар дәлел. Сонымен қатар, заманауи қоғамдағы конфессияаралық келісім мәселелеріне бағытталған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде білім мен діни ағартудың діндер мен мәдениеттердің сыйластықта қатар өмір сүру және бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөлі ерекше талқыланды. Съез барысында діни ағарту мәселесі, қоғамдағы түрлі рухани-мәдени және этностық келіспеушіліктерді еңсеруде білім беру әлеуетін пайдалану және діни ағарту саласындағы конфессияаралық ынтымақтастықтың болашағына байланысты пікірлер айтылып, нақты шешімдер қабылданды. Аталған мәселе Съездің Декларациясында өз орнын тауып, ерекше маңыздылығын айқындады.

     Ал дін және психология жастардың ұлттың эмоционалды және діни психикалық денсаулығын жақсартуда маңызды рөл атқарады, демек, рух күші мен адамдардың қоғам мен мемлекеттің дамуына жағдай жасау үшін алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуге деген ынтасын анықтайды. Жастардың діни психологиялық көзқарастарын арттыру мақсатында бірнеше зерттеушілер тарапынан әртүрлі ойлар мен негіздер калыптасып, адам әлемнің діни психологиялық дамуы қоғамның рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі, оның өмірін үйлестіруге деген ұмтылыс екенін баса айтады. Ғалымдар күрделі әлеуметтік жағдай, этносаралық және дінаралық шиеленіс кезеңдерінде дінді тірек қылу діндарлықтың артуының себептері болды деп көрсетеді. Өскелең ұрпақтың діндарлығы оларға қорқыныш, үмітсіздік, жалғыздық, қайғы, өлім қорқынышы және т.б. теріс эмоционалды жағдайларды жеңуге көмектеседі деп айтқан еді. Осы орайда, Ұлы Абайдың сенушілердің эмоционалды жағдайын сипаттай отырып, адам – жан дүниесі қайталанбас, әлемдегі жоғары биіктерге жеткен, өз тағдырының шебері және жаратушысы бола алатын ерекше жаратылыс деген. Ұлы ағартушы адамгершіліктің ең жоғары көрсеткіші жақсылық жасау, сұлулыққа ұмтылу деген идеяны үнемі қайталап отырды. Абайдың негізгі эстетикалық ұстанымы – «Адам бол!». Адам өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру процесінде өзінің мүмкіндіктері мен шығармашылығын жүзеге асыра алады және жүзеге асыруға міндетті де. Абай өзінің пайымдауымен адамның жақсы және жаман қасиеттеріне нақты бағдар беретін адамгершілік мінез-құлық кодексін жасап берді. Ал орыс психологтары Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович және т.б. ғалымдар діни психологияның  қалыптасу ерекшеліктерін анықтап, тұлға құндылықтары «уәждерінің дамуы» қызығушылықтар мен идеалдар формасында жүзеге асады деп көрсетті. Л.И. Божович жастардың адамгершілік идеологиясын ерекшеліктерін атап өте келе, адамгершілік-психологиялық құндылық «адамның өзіндік мінез-құлқы мен басқа адамдардың мінез-құлқын реттеу құралы мен бағалау өлшемі болып қалыптасатын адам ішкі дүниесінің қабылдаған бейнесі» деп анықтама береді. Неміс ғалымы К. Марксті қарастырсақ, алғаш рет дінді, психологияны «әлеуметтік құбылыс ретінде», яғни өзінің табиғаты бойынша қоғамдық байланыстар мен қатынастарға қосылған құбылыс ретінде түсіндірді. Дін, оның пікірінше, әлеуметтік құрылымдарға негізделген, табиғаттан тыс идеялар шындықпен қалыптасады, қоғамдағы дін мен психология белгілі бір функцияларды орындайды, қоғам мен жеке адамның қажеттіліктеріне жауап береді.

     Ал қазіргі тәуелсіз еліміздің аз ғана ғұмырында дін мен психология салалары көп өзгерістерге еніп келеді. Жастардың діни психологиялық сауаттылығы – қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің біріне айналды. Еліміздің болашағы жастардың рухани санасын оятуда діни психологияның алар орны ерекше. Себебі: казір қоғамда болып жатқан өзгерістер баршамызға мәлім. Солардың бірнешеуін мысалға алатын болсақ, интернет желісіндегі теріс ағымдардың үгіт насихаттары, психологиялық тұрғыдағы эмоционалды жағдайы әлсіз жастарды алдап арбауда. Осындай бассыздықтарға жол бермеудің бірден бір амалы, діни психологиялық білім ол дегеніміз яғни алдын ала жүргізілетін діни тұрғыда ақпараттық түсіндіру жұмыстары болса, психологиялық тұрғыда тренингтер, мен семинар коучингтер таптырмас құрал. Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастар қолында. Анығырақ айтқанда, білімі терең, жастар ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Жастар діни психологиялық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптасып, кемелдену құбылысы жүзеге асырады.

     Білімді, сауатты кез-келген адам өзінің рухани бағдарын дұрыс таңдайды, өзгенің діни ұстанымын, ұлттық, тілдік ерекшеліктеріне сыйластықпен  қарап, құрмет көрсетеді. Яғни, Қазақстанда қалыптасқан дінаралық келісім мен психологиялық түсініктер татулықты сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізуге өз үлесін қосар болса, ал саналы түрде әрі қызығушылықпен жинақталған білім мен тәжірибе өмір соқпақтарында сүрінбеудің кепілі.

Қорыта келе еліміздің ақпараттық кеңістіктегі түрлі діни сайттардың жұмысын қадағалауды күшейтумен қатар балабақшалардан бастап, тұлға ретінде қалыптастыру, мектеп қабырғасында тілімізді, мәдениетімізді қастерлеуге, жоғарғы оқу орындарында ұлттық құндылықтарымызды тереңдете игеру жолдарын қарастыру керек. Тек осы қағидаларды бойымызға сіңірген жағдайда ғана осындай теріс пиғылды діни психологиялық бассыздықтарға тосқауыл қоя аламыз. Халқымыздың мақсаты – ынтымақ пен бірлік және бейбіт өмір кешу.

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1 Қасабек А. Ұлттық руханияттың құндылық болмысы // Қазақтану өрісі: Оқу құралы / Жалпы редакциясын басқарған Ж.Молдабеков. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 204 б.

2 Қалиев Б. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - Алматы, 2014. - 728 б.

3 Оксфорд сөздігі. Әлеуметтану. – Алматы. ЖШС, «Қазақстан» баспа үйі», 2002. – 632 б.

4 Нысанбаев Ә. Кіріспе // Абайдың дүниетанымы мен философиясы. - Алматы: Ғылым, 1995. – 184 б.

5 Кант И. Сочинения: в 6 т. / И. Кант / под общ. ред. В. Ф. Асмуса, А. В. Гульги, Т. И. Ойзермана. – Москва: Наука, 1966. – Т.5. – 455 с.

6 Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. – СПб.: издательский дом «Питер», 2008. – 400 с.

        7 infourok.ru/dini-sauatsizdi-dini-ekstremizmni-bastaui-1057500.html сайты

        8 kopilkaurokov.ru/klassnomuRukovoditeliu/pro сайты