Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар Орта Азиядағы мәдениетаралық диалогты нығайту мәселелерін талқылады

Бөлісу

Биыл 30 қарашада Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының алаңында «Орта Азия елдерінің мәдениетаралық диалогты нығайту жөніндегі өңірлік әріптестігі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өтті. Конференцияда бірлікке бастар ұстанымды одан әрі ілгерілету, өзара түсіністік және Орта Азия елдерінің мәдениетаралық ынтымақтастығын жандандыру мәселелері талқыланды.

Іс-шараға Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы директорының міндетін атқарушы М. Магнуссон, Өзбекстан Министрлер Кабинеті жанындағы ислам өркениеті орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ш.Рашидова, Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының сыртқы саясатты талдау және болжау басқармасының бастығы М. Абдужабборов, Болгария Ислам академиясының дінаралық диалог орталығының бастығы Э. Садықова, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты Астана филиалының директоры М. Қозыбаева, ЮНЕСКО Әлемдік мәдениет және діндер орталығының Дінтану кафедрасының меңгерушісі Н. Хан, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылым департаментінің директоры Х. Масадиков, ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының ғылым бөлімінің басшысы В. Толмачев, ХАТУ медиа коммуникациялар және Қазақстан тарихы кафедрасының ассистент-профессоры А. Танабаева, Қазақстан Республикасындағы ІWPR бағдарламалық үйлестірушісі А. Орынтай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А. Құрманалиева және Орта Азия елдерінің мемлекеттік органдарының, сараптамалық және ғылыми қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Конференция модераторы Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев құттықтау сөзінде бұл конференция мәдени және рухани диалогты дамытудың бірегей мүмкіндігі екенін атап өтті.

«Бүгінгі кездесу ерекше мағынаға толы. Ұлтымыз басқа, дініміз бөлек, саяси бейімділігіміз алуан түрлі болғанымен,  мәдениет, бір – бірімізге деген құрмет, руханият, адамгершілік деген қасиеттер барлығымызға ортақ. Және осы қасиеттер арқылы қоғам жақсы жағына өзгеретіні даусыз. Әртүрлі діндер мен мәдениеттер әлемнің жалпыадамзаттық гуманистік принциптеріне негізделе отырып, өркениетке қарай ұмтылысын жандандыру қажет деп санаймын. Бұл «әртүрліліктегі бірлік» қағидасынан Орта Азия елдерінің даму диалектикасын көреміз», - деді Б. Сәрсенбаев. 

Орталықтың Басқарма Төрағасы биыл 14-15 қыркүйекте Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне тоқталып, ол ел ішінде де, халықаралық аренада да келісім мен толеранттылықты насихаттайтын бірегей диалог алаңы айналғанын атап өтті. Сондай-ақ Съездің қорытынды декларациясының негізгі месседждерімен бөлісті.

Өзбекстандағы ислам өркениеті орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ш.Рашидова өз сөзінде Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығын дамыту – бұл қазіргі заманның үдерісі екенін, осылайша ортақ тарихы, менталитеті, рухани және моральдық құндылықтары, үйлесімді дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен мәдени жақындығы бар Орта Азия халықтары әрқашан тату қағидаттарын құптайтынын атап өтті.

«Көпғасырлық тарихи тәжірибе Орта Азия өңіріне өзін осындай диалог жүргізу үшін ең қолайлы алаң ретінде көрсетуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ш.Рашидова.

Өз кезегінде, ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы ғылым бөлімінің басшысы В.Толмачев Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезін өткізудің жоғары деңгейін атап өтіп, өңір елдерінің әрқайсысы ұсынған халықаралық бастамаларда бір-бірін қолдауды ұсынды.

 Конференцияны қорытындылай келе, қатысушылар ОртаАзия елдерінде өңірлік әріптестікті нығайтудың ерекше маңызы бар екендігі, интеграциялық процестерді, жалпы тарихты, менталитетті, рухани және моральдық құндылықтарды және тату көршілік қағидатын ескере отырып, халықаралық диалогтық платформаларды дамытудың маңыздылығы туралы ортақ пікірге келді.