Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Израиль Елшісі Эдвин Ябо Глусманмен кездесті

Бөлісу

2022 жылдың 21 қазанында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстан Республикасындағы Израиль Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Эдвин Ябо Глусманмен кездесті.

Кездесу барысында Болат Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл ретінде Эдвин Ябо Глусман мырзаны VII Съездің қорытынды жұмыстарымен таныстырды. Сондай-ақ, Қазақстан кезекті рет Ел ішіндегі келісім мен толеранттылық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық қағидаттарын нығайту бойынша халықаралық аренада диалог алаңын ұйымдастыра алғанын атап өтті.  

Кездесу жұмысында, сонымен қатар, конфессияаралық келісімді одан әрі дамыту және Н.Назарбаев орталығы мен Қазақстандағы Израиль елшілігі арасындағы өркениетаралық диалогты ілгерілету мәселелері талқыланды.