Жаңалықтар

Орталық сарапшылары «Paiymda» диалог алаңының оқыту семинарының жұмысына қатысты

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 20 қазанында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті ұйымдастырған «Paiymda» диалог алаңында оқыту семинары өткізілді.

Семинар интернет кеңістігінде қарсы насихаттау жұмыстарының әдістерін жетілдіруге бағытталған. Семинар жұмысына ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің, ҚР Терроризмге қарсы Орталығының, «Kazislam» порталының, Дін істері басқармалары мен Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының өкілдері және Орталық қызметкерлері қатысты.

Семинарда өңірлік Дін істері басқармалары мен Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының қызметкерлеріне арналған Орталық әзірлеген әдістемелік құралдардың таныстырылымы өткізілді. Аталған әдістемелік құралдар жергілікті атқарушы органдардың қарсы насихаттау жұмысының негізгі ерекшеліктеріне, сондай-ақ интернет кеңістігінде діни экстремизмнің алдын алу бойынша материалдарды әзірлеу және ілгерілету жұмыстарына бағытталған.