Ереван, 2022 жылғы 10 қазан - Армения астанасында Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына, сондай-ақ Мемлекет басшысының қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауына, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытындыларына және ү.ж. 12-13 қазанда Астанада өтетін АӨСШК саммитіне арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға сарапшылар қауымдастығының, іскер топтардың, қоғамдық ұйымдардың, Армения Республикасының БАҚ, сондай-ақ Армян апостолдық шіркеуінің өкілдері қатысты. Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев қатысушыларды саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың үдемелі дамуы, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен және Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалар бағдарламасы туралы хабардар етті. Мемлекет басшысының саяси жүйені жаңғырту және ел экономикасын реформалау, сондай-ақ конституциялық реформаны іске асыру және ҚР Президентін сайлауды өткізу жөніндегі бастамаларына ерекше назар аударылды.
«Интеграция және даму» қоғамдық мекеменің төрағасы А.Сафарян Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы Қазақстан-Армения екіжақты ынтымақтастығының зор әлеуеті жөнінде айтты. «Альтернатива» зерттеу орталығының жетекшісі Татул Манасерян ҚР Президентінің Жолдаулары тиімді институционалдық құбылыс екенін және Қазақстанның ғана емес, Арменияның да дамуына бағдар болып отырғанын атады. Армян сарапшылар қауымдастығының өкілдері ҚР жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық жаңғыртудың, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы реформалардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Жетекші сарапшылар Қазақстандағы конституциялық реформаны құптап, қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында ҚР басшылығының саясатын жоғары бағалады.
Шара барысында Дінаралық және конфессияаралық диалог пен келісімді нығайтқаны үшін Армян апостолдық шіркеуінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің басшысы Архиепископ Натан Оганисянға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің құрмет медалі табысталды.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/438393?lang=kk