Жаңалықтар

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің XIX Хатшылығы қарсаңында Жұмыс тобының отырысы өтті

Бөлісу

2021 жылы 5 қазанда Нұр-Сұлтанда  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттері ілгерілету жөніндегі уәкіл, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың жетекшілігімен Съез Хатшылығы Жұмыс тобының отырысы өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Съез Хатшылығы басшысының орынбасары А.Рахметуллин, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Съез Хатшылығы басшысының орынбасары С. Егізбаев, сондай-ақ беделді халықаралық ұйымдардың, Қазақстан, Сауд Арабиясы Корольдігі, Пәкістан, Египет, Иран, Ресей Федерациясы, Ватикан, Ұлыбритания, Корея, Үндістан, Израильдің діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Жұмыс тобының отырысын ашқан Съездің мақсаттары мен міндеттері ілгерілету жөніндегі уәкіл Б.Сәрсенбаев қатысушылардың назарын халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың стратегиялық бастамасы мен көрегенділігінің маңыздылығына, сондай-ақ дінаралық келісімді сақтаудағы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың дәйекті саясатына аударды.

Пандемия, дүниежүзілік әлеуметтік-экономикалық, табиғи және техногендік апаттар туындатқан соңғы сын-қатерлерді ескере отырып, жаһандық әлем өзінің дамуының жаңа кезеңіне қадам басқандығы айтылды. Осыған байланысты, қазіргі уақытта, әсіресе, әр түрлі мәдениеттер, діндер мен өркениеттерді жақындастыру мақсатында рухани көшбасшылардың, діни бірлестіктердің рөлі мен миссиясы кеңейіп келеді. «Бүгін біз, қазіргі әлемде діндер арасындағы конструктивті диалогқа деген сұраныс айтарлықтай өскенін мойындауымыз керек. Мұндай жағдайларда 18 жыл тарихы барысында халықаралық қоғамдастыққа бірегей жахандық дінаралық диалог алаңы ретінде танылған Съез өзекті мәселелерді шешуде басқосатын алаң ретінде қызмет атқарады. Рухани иерархтар мен олардың ізбасарларының бірлескен күш-жігері конфессияаралық және өркениетаралық диалогты нығайтуға жаңа серпін мен шабыт беретініне сенімдімін», - деп атап өтті Б.Сәрсенбаев.

Съез Хатшылығы басшысының орынбасары С. Егізбаев Жұмыс тобының қатысушыларына әлемнің пандемиядан кейінгі дамуы жағдайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне дайындық барысы мен Съездің диалогтық алаңының маңыздылығы туралы айта келе, Ұйымдастыру комитетінің қызметіне, Съездің мақсаттары мен міндеттерін ақпараттық кеңістікте ілгерілету бойынша жұмыстарына жеке тоқталды.  Сонымен қатар, дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Құрмет медалін беру критерийлерін жетілдіру бойынша ұсыныстар, Қазақстанның Тәуелсіздігіның 30 жылдғындағы дінаралық саладағы жетістіктерін басты орынға ие болды.

Өз кезегінде Съез Хатшылығы басшысының орынбасары С.Рахметуллин этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық өркениетаралық және дінаралық диалогты дамытудағы роліне тоқталды. Сонымен қатар, ол пандемиядан кейінгі кезеңде адамзат өркениетінің әлеуметтік және рухани дамуындағы, қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтудағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі,  діни білімнің маңыздылығы, әйелдердің әлеуметтік әл-ауқат пен қоғамның тұрақты дамуына қосқан үлесіне қатысты VII съездің пленарлық және секциялық отырыстарының тақырыптары туралы баяндады. Сөзінің соңында А.Рахметуллин қатысушылардың назарын Қорытынды құжаттың форматына аударды.

Жалпы, Жұмыс тобының отырысы барысында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер, VII съездің тақырыптары мен оны өткізу форматы  бойынша конструктивті пікір алмасқанын атап өткен жөн.

Қазақстанның бастамаларын, Съездің тұжырымдамалық идеялары мен міндеттерін қолдай отырып, Жұмыс тобының мүшелері олардың бейбітшілік пен толеранттылық принциптерін ұстанатынын, сондай-ақ әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы диалогты қамтамасыз етудегі атап айтқанда, алдағы Съез Хатшылығының XIX отырысының бекітілген бағдарламалық құжаттары бойынша ортақ ұстанымдарды әзірлеу мен қалыптастыруда шешім жолдарын бірлесіп іздеуге үлес қосуға дайын екендіктерін тағы да растады.