Бүгін, 16 шілдеде, ZOOM платформасында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев пен БҰҰ Жаһандық коммуникация департаментінің (ЖКД) өкілі Фелипе Кейпомен Н.Назарбаев Орталығын БҰҰ-ның жүйесінде тіркеу мәселелерін талқылау үшін жұмыс кездесуі өтті.
Отырысты аша отырып, Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық бастамаларын ілгерілетудегі Орталықтың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі аясындағы негізгі идеяларды насихаттаудың маңыздылығы туралы, сонымен қатар 2020 жылы Н.Назарбаев орталығы БҰҰ ЖКД-да қауымдастырылған мүше мәртебесін алуға ресми өтініш бергенін, оны БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғарғы өкілі Мигель Анхель Моратинос қолдағаны жайлы хабардар етті.
Сонымен бірге, Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы екі жылдан астам уақыттан бері табысты жұмыс істеп келе жатқанын және БҰҰ жүйесінде аккредиттелуі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі рөлді арттыратынын, одан әрі Орталықтың халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге шығуынаа мүмкіндік беретінін. баса айтты.
Өз кезегінде БҰҰ ЖКД өкілі Фелипе Кейпо Орталықты БҰҰ жүйесінде тіркеу мәселесінің қаралып жатқанын, сонымен қатар Н.Назарбаев Орталығының әлемдегі дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтудағы қызметін жоғары бағалап, Орталықпен одан әрі сындарлы ынтымақтастыққа ынталы екенін жеткізді.
Сонымен бірге, кездесу барысында Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев БҰҰ Жаһандық коммуникация департаментінің (ЖКД) өкілдерін Орталық қызметінің басым бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ Қазақстанда өтетін халықаралық іс-шаралар - 2021 жылдың 5-6 қазанда болатын XIX Хатшылық және 2022 жылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі жоспарларымен бөлісті.
Кездесу соңында Б.Сәрсенбаев Орталықтың өтінімін жақын арада БҰҰ ЖКД мақұлдайтындығына үміт білдірді, сонымен қатар тараптар бір айдан кейін осы мәселені қарауға қайта оралуға келісті.
Анықтама: Жаһандық коммуникациялар департаменті бұрын Қоғамдық ақпарат департаменті (ҚАД) деп аталған, 1946 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 13 (I) қарарымен әлем халықтарын Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қызметтері туралы ақпараттандыру үшін құрылған.
Жаһандық коммуникация департаментінің миссиясы – бүкіл әлем бойынша бейбітшілік, тұрақты даму және адам құқықтары жөніндегі байланыстар мен серіктестік қатынастарды орната отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының идеалдары мен жұмыстары туралы ақпараттарды кең ауқымда, әрі түрлі аудитория арасында тарату.