Жаңалықтар

Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы «Ұлттық рухани тұтастықты дамытудағы діни білім берудің маңызы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты

Бөлісу

Бүгін, ағымдағы жылдың 27 мамырында, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы және «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 20-жылдығына арналған «Ұлттық рухани тұтастықты дамытудағы діни білім берудің маңызы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысты.

Конференция мақсаты – Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасындағы ұлттық рухани тұтастықты дамытудағы діни білім берудің басты мәселелеріне және оны жүзеге асырудағы Нұр-Мүбарак университетінің рөлі мен жетістіктеріне баға беру.

Конференцияның салтанатты ашылуына, сонымен қатар, «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры Мұхаммад әш-Шаххат әл-Жинди, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму вице-министрі С.Егізбаев, Египет Араб Республикасының Уақыптар вице-министрі Жабир Таиғ Султан, әл-Әзһар шейхының уәкілі Мұхаммед Абдрахман әд-Дуаини, Египет Араб Республикасының мүфтиі Аллям Ибрахим Шауқи, Қазақстандағы Египет Араб Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Мәнәл әш-Шәннәуи, Индонезия ислам университетінің ректоры Фасуль Уахид және басқалары қатысты.

Алғы сөзі барысында Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев секуляризация және мультимәдениетті қоғамдар жағдайында сапалы діни білім беру және осы салаға заманауи әлемнің жаңа талаптары туралы талқылаулар ұдайы жалғасын табуда екендігін атап өтті.

Осыған байланысты, Б. Сәрсенбаев Қазақстандағы діни және дінтанулық білім берудің өзекті мәселелері мен негізгі аспектілерін талдау мақсатында, Н. Назарбаев орталығымен 2020 жылы «Қазақстанда діни және дінтанулық білім берудің ағымдағы жағдайын талдау және даму болашағы» атты әлеуметтік зерттеу жүргізіліп, ерекшелігі барлық академиялық деңгейлерде (мектеп – колледж – университет) талдау болғандығымен бөлісті.

Зерттеу нәтижелерімен толығырақ Орталық Басшысы дінтанулық білім беру бағдарламалары мен зерттеулердің әдіснамасына арналған конференцияның үшінші секциясында «Қазақстандағы дінтанулық және діни білім беру: қазіргі жағдайы, мәселелері, үдерістері» баяндамасын ұсыну барысында бөлісті. Осылайша, конференция қатысушыларына зерттеу фокусында «Зайырлық және дінтанулық негіздері» пәні бойынша жалпы білім беру мектептері, медресе-колледждері, дінтанулық және діни білім беретін рухани оқу орындары мен жоғары білім беру мекемелері болғандығы мәлім болды.

«Бүгін діни білім беру үшін бірыңғай тәсілдемелер жоқ. Көптеген мемлекеттерде діни білім беру білім алушыларды заманауи плюралистік қоғамның жауапкершіл азаматтары ретінде тәрбиелеудің маңызды құраушы бөлігі болып қарастырылу ақиқаты сөзсіз константа болып қалуда», - деді спикер.

Баяндамасын қорытындылай келе, Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаев дін саласында өзекті тақырыптар бойынша сындарлы пікірлермен алмасу ұйымдастырылғандығы үшін алғысын білдіріп, сонымен бірге, онлайн-конференцияны диалогтық алаңның тұрақты жұмыс атқаратын форматына ауыстыруға ұсыныс жасады.

Айта кету маңызды, Қазақстан, Египет, Түркия, Өзбекстан, Болгария, Кувейт және Ресей ғылыми бірлестіктердің алдыңғы қатарлы сарапшылары, ғалымдары мен қоғамдық қайраткерлерінің талқылаулары барысында еліміздегі жаһандық және діни жағдайдың негізгі діни тенденциялары, исламдық және діни білім берудің заманауи мәселелері, сонымен қатар, ұлттық және исламдық сәйкестік ара қатынастарының сұрақтары қарастырылды.