Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада № 14441 болып тіркелген, сондай-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі алқасының 2022 жылғы 3 наурыздағы кеңейтілген отырысы хаттамасының 11-тармағын орындау (ПР-6315 жылғы № 14.03.2022), комплаенс-қызмет «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
«Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрайымының 2025 жылғы 20 қарашадағы № 23-Ө сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау өткізу туралы бұйрығы.
Қарастырылып отырған кезең - 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы желтоқсанға дейін.
Ішкі талдауды жүргізуге комплаенс-офицер Ш.К.Сұлтанғожин жауапты болып тағайындалды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
- КЕАҚ қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы мүмкін екендігін анықтау (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды анықтау)
- Орталықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оның ішінде:
1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;
8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
9) КЕАҚ ұйымдық-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ комплаенс-қызметі тарапынан мынадай іс-шаралар жүргізілді:
|
Нөмірі |
Іс-шаралардың атауы |
Өткізу уақыты |
Жауапты қызметкерлер |
|
1. |
Нормативтік-құқықтық актілерде және КЕАҚ ұйымдық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында КЕАҚ туралы ақпаратты жинау, талдау және қорыту |
20.11.- 25.11.25. |
Ш.Қ.Сұлтанғожин |
|
2. |
Орталықтың қызметі туралы статистикалық есептілікті, Орталыққа қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексерулерінің нәтижелерін, ішкі бақылау қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерін талдау |
20.11.- 05.12.25. |
Ш.Қ.Сұлтанғожин |
|
3. |
Орталық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы немесе туындауы мүмкін екендігіне әңгімелесулер, сауалнамалар |
20.11.- 05.12.25. |
Ш.Қ.Сұлтанғожин |
|
4. |
Жоғарыда аталған іс-шараларды өткізу қорытындысы бойынша пп. 18-21 үлгілік ережелеріне сәйкес талдамалық анықтаманы дайындау және оған қол қою. |
02.12.- 08.12.25. |
Ш.Қ.Сұлтанғожин |
|
5. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды анықтау, олардың тізбесін дайындау |
08.12.25. |
Ш.Қ.Сұлтанғожин |
|
6. |
Үлгілік қағидалардың 25-тармағына сәйкес, бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде шаралар қабылдау |
Жыл бойы |
Ш.Қ.Сұлтанғожин
|
ВАКР жүргізу үшін ақпарат көздері:
1) КЕАҚ қызметін реттейтін құқықтық актілер, ішкі құжаттар;
2) КЕАҚ қызметкерлерімен әңгімелесу
Қорытындылар:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ-да 2024 жылғы сәуірден бастап 2025 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Комплаенс-офицері Ш.Қ.Сұлтанғожин
2025 ж. « » желтоқсан