Астана қ.
Өтетін күні: 2025 жылғы 12 желтоқсан
Өткізу себептері:
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада № 14441 болып тіркелген)
- "Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы" КЕАҚ Басқарма Төрайымының 2025 жылғы 20 қарашадағы № 23-ө Бұйрығы
- "Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы" КЕАҚ комплаенс-қызметінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және "Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы" КЕАҚ қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсаттары
- Талқылауға қатысушылар
Ш.Қ Сұлтанғожин., төрағалық етуші — КЕАҚ комплаенс-офицері;
М. У. Қалижанов - Басқарма төрағасының орынбасары;
Б. Ж. Бакиров - Басқарма төрағасының орынбасары;
Э. А. Бірәлі– дінтану сараптамасы департаментінің директоры
З. Б. Малғараева. - діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры
Ж. А. Қасымова - әдістемелік жұмыс және жинақтау департаментінің директоры
Н. А. Хамзин– экономика, қаржы және әкімшілік жұмыс департаментінің директоры
Н. М. Жұмағұлов - персоналды басқару басшысы
М. А. Салыхова - кадрлар жөніндегі менеджер
Орталықтың барлық құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері
Күн тәртібі
- 1. 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қарау
- Анықталған факторларды және оларды азайту жөніндегі шараларды талқылау
- Талдау нәтижелері бойынша шешім қабылдау.
- Талқылау мазмұны
Комплаенс-офицер Ш.Қ.Сұлтанғожин орталықта 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы 21 желтоқсанға дейінгі кезеңде ВАКР өткізілгенін хабарлады. ТБН-4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ВАКР нәтижелерін жария талқылау жүргізіледі. ВАКР нәтижелерін көпшілік талқылауға барлық мүдделі тұлғалар, оның ішінде қатардағы қызметкерлер қатарынан қатыса алады. 2025 жылғы 4 желтоқсанда орталықтың ресми веб-сайтында ВАКР нәтижелерін жария талқылауды өткізу туралы Анонс орналастырылды.
Комплаенс-офицер ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес ВАКР келесі бағыттар бойынша жүргізілгенін хабарлады:
1) Нормативтік құқықтық актілерде (оның ішінде Орталықтың қызметін қозғайтын ішкі нормативтік құжаттарда) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) КЕАҚ ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
ВАКР объективтілік, сенімділік, ашықтық және жан-жақтылық қағидаттарында жүргізілді. ВАКР нәтижелері бойынша талдамалық анықтама дайындалды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау барысында Орталық қызметкерлері " Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы" КЕАҚ комплаенс-қызметі тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау іс-шараларын талқылады:
- Талдау объектісі ("Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы" КЕАҚ) туралы ақпаратты жинау және қорыту.
- Орталықтың қызметін, оның ұйымдастырушылық-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына талдау жасау.
- Орталықтың қызметі туралы статистикалық есептілікті, Орталыққа қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексерулерінің нәтижелерін, ішкі бақылау қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерін талдау.
- Орталық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы немесе туындауы мүмкін екендігіне әңгімелесулер, сауалнамалар өткізілді.
- Жоғарыда аталған іс-шараларды өткізу қорытындысы бойынша талдамалық анықтама дайындалды.
Комплаенс-қызмет сатып алу рәсімдерін, кадрлық шешімдерді, құжат айналымын және сыртқы әріптестермен өзара іс-қимылды бағалауды қамтитын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау туралы есепті ұсынды.
ВАКР нәтижелері бойынша қорытындылар:
сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар мен ішкі саясат талаптарына сәйкессіздіктер фактілері анықталған жоқ.
Аналитикалық анықтамадағы ақпарат дұрыстығына күмән келтірмейді. КЕАҚ қызметінде ВАКР жүргізу рәсімі бұзушылықсыз жүргізілді. Құрылымдық бөлімшелер қызметінің ашықтығының жоғары дәрежесі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс стандарттарының сақталуы атап өтілді.
Шешім :
- 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері назарға алынсын.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және ішкі нормативтерді бұзушылықтар тіркелген жоқ деп есептелсін.
- Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қолдау және ішкі бақылауды жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыру.
Төраға:
Комплаенс-офицері Ш. Қ. Сұлтанғожин
2025 жылғы 12 желтоқсан