Баяндамалары

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Cъезінің ашылуында сөйлеген сөзі

Бөлісу

Құрметті Серб Республикасының Президенті!

Жоғары мәртебелілер,

құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар, ханымдар мен мырзалар! Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін біздің қаламыздың бейнесі деп атауға болады, өйткені біз бұл қаланы – Астананы жер жүзіндегі мәдениеттерді жатсынбайтын әрі болашақтағы еуразиялық қала ретінде салдық. Жалпыға белгілі «алуан түрдегі тұтастық» қағидасы Қазақстан астанасының шынайы философиясы болып табылады.

Астана бастамаларды біріктіретін әрі бітімгершілік үдерістердің тартылыс нүктесі ретінде күллі халықаралық қоғамдастыққа танымал болды. Біздің елордамызға ынтымақтастық, өзара құрмет пен толеранттылықтың ерекше рухы тән болып отыр. Соңғы съезден бері өткен үш жыл ішінде Қазақстан астанасында жаһандық деңгейдегі маңызды шаралар болып өтті.

Астанада қабылданған шешімдер халықаралық деңгейде зор серпіліс туғызды, өйткені бітімгершілік, әріптестік, төзімділік және жасампаздық идеяларын алға тартылды. Өкінішке орай, дүрбелеңге тап болған әлемде, осының бәрінің құндылығы ерекше маңызға ие болуда. Санкциялық қарсы тұру, діндер арасындағы және діндер ішіндегі қайшылықтар, сауда-саттық шиеленістері, қоршаған ортаның ластануы біздің бәрімізді, саясаткерлер мен діни қайраткерлерді алаңдатпауы мүмкін емес.

Ғылыми-технологиялық өркендеу аясында өркениетаралық қақтығыстардың мәнмағынасы қалмады. Алайда, болашақтағы адамзаттың бейнесі дәл қазір қалыптасуда. Біз ортақ планетамызды алдағы ұрпаққа қандай жағдайда табыстаймыз – бұл өркениеттің басты мәселесі. Біз 18 жыл бойы үшінші мыңжылдықта өмір сүріп келеміз, бірақ бейбітшілік, игілік, молшылық адамзат дамуының негізгі көріністеріне айнала алмады.

Әлемдік қоғамдастық өзара сенімсіздік, жек көру мен жанжалдар аясынан шыға алмады. Біз жағдайдың жақсаруының орнына, нашарлағанына куә болып отырмыз. Елдер, геосаяси топтасулар арасында жаңа қабырғалар мен жаңа «темір перделер» салынуда. Бірақ ең қауіптісі – адамдардың ақыл-ойы мен жүрегінде жатсыну мен жатырқау күшейе түсуде. Ынтымақтастыққа емес, бәсекелестік үшін себептер іздеуге, халықтардың өркендеуіне арналған бірлескен жобалар емес, бір-бірін жою құралдарын жасауға ауқымды күш жұмсалып отыр. Бұл ең қате, тығырыққа апаратын жол екенін ашық айтамыз.

Сондықтан прогрестің даңғыл жолына оралуға жәрдемдесу – біздің ортақ борышымыз болып табылады. Кешеуілдеуге жол беруге болмайды. Жүздеген мың, миллиондаған адамдар туған жерін тастап кетуге мәжбүр, көптеген адамдар хабар-ошарсыз кетуде. Жер шарындағы босқындар саны 65 миллион адамнан асты. Тек қақтығыстар ғана өлім-жітімнің тікелей себебі емес. Күш-қуаты мен қаржысын қақтығыстарға жұмсаған адамзат, табиғи апаттардан қорғануға оны таппай отыр.

Жыл сайын орта есеппен 24 миллион адам табиғи апаттар салдарынан кедейлік деңгейіне түсіп отыр. Миллиондаған адамдар амалсыздан өз үйлерін тастап кетуде. Технологиялық қарқынды даму мен жалпы әлемдік байлықтың арта түсуіне қарамастан әлеуметтік апаттардың ауқымы кеңейе түсуде. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша, жер жүзіндегі халықтың 14 пайызы аштыққа ұшыраған.

Жұмыссыздардың жалпы саны 190 миллион адамнан асты. Бұл әлеуметтік теңсіздікті күшейтіп, радикализмге нәр беріп отыр. Сондықтан қауіпсіз әрі әділ әлем басты мәселе болып табылады. Сіздерді қонақжай Қазақстан жерінде қарсы алғаныма шын жүректен қуаныштымын. Діни көшбасшыларға, халықаралық ұйымдардың өкілдеріне, саясаткерлер мен сарапшыларға

Съезді шақыру жөніндегі біздің бастамамызға қолдау көрсетіп, оның жұмысына қатысқандарыңыз үшін ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Бұл жерде алғашқы тарихи Съез өткеннен бері 15 жыл өтті. Бүгін біз алтыншы рет жиналып отырмыз. Бұрынғы отырыстарға қатысқан біздің достарымызды қайта көргеніме қуаныштымын. Астанаға алғаш рет келгендерге ризашылығымды білдіремін.

Биыл біздің елордамыз өзінің 20 жылдығын 10 11 БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыстарына тұрақты емес мүше ретінде белсенді қатыса отырып, Қазақстан адамзаттың ілгерілеуіне кедергі келтіретін жаһандық проблемаларды шешу жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы анық әрі түсінікті пікірлерін білдіріп отыр. Алайда, тек қана БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күшімен қауіпсіз әлемге қол жеткізу мүмкін емес. Бүгін біз, оның ішінде осы залдағы діни, қоғам қайраткерлері, саясаткерлер жаһандық сенім дағдарысын еңсеруге өз үлесімізді қосуымыз керек. Әрине, салмақты, дәлелді сөзді рухани көшбасшылар айтуы тиіс.

Сіздер жеке дара ерекше діннің өкілісіздер. Бірақ олардың әрқайсысы жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қағидаларының бірлігін толық мойындайды. Көптеген наным-сенімдерден, илану мен сыйынудан алынған рухани бастаулар серпінді күштерді біріктіретін процесс болуға тиіс екеніне сенімдімін. Бітімгерлікке шын ниетпен ұмтылу Алланың ізгі істеріне деген сенімге негізделеді. Санасына жанжал ұялаған адам ешқашан шынайы діндар болмақ емес.

Астанада өткен бес Съезде түрлі мәдениеттер, діндер мен қоғамдар көшбасшыларының өзара сыйластығы, сындарлы ынтымақтастығы идеялары өміршең екендігін айқын дәлелденді. Ол Қазақстанда іс жүзінде дәлелденіп отыр. Біздің азаматтарымыздың көпшілігі өздерін мұсылман деп есептейді, дегенмен ол барлық басқа діндердің еркіндігіне кедергі келтірмейді. Біздің елордамызды араласаңыздар түрлі діндердің ғибадатханалары қатар тұрғанын, адамдардың оларға еркін барып, сыйынып жүргенін көре аласыздар. Қазақстанда 18 түрлі конфессияның 3,5 мыңнан астам діни субъектісі тіркелген.

Мұндай әр алуандық аясында біз ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен діни бостандықтарды қорғау арасындағы тепетеңдікті таба алдық. Бүгінгі күні көпшіліктің мойындауынша, біздің елімізде конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің ерекше қазақстандық үлгісі қалыптасқан. Қазақстанның іс жүзіндегі тәжірибесін Дүниежүзінің ауқымында да қолдануға болатынына сенімдімін. Біздің бірлескен жұмыстарымыз бейбітшілікті, прогресті, көптеген елдер азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз ету ісінде көрінетін нәтижелерді туындата алады.

Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар! Біз назар аударып, бірге жұмыс істей алатын бағыт-бағдар туралы өз ойларыммен бөлісуге рұқсат етіңіздер. Бірінші. Ақпараттық қоғам дәуірінде біз бейбітшілік пен келісім идеяларын жаһандық деңгейде бірге ілгерілету үшін жаңа технологиялардың барлық артықшылықтарын пайдалануға тиіспіз.

Бұл үшін біздің Съезіміз базасында Ақпараттық портал құру ұсынылады. Порталдың міндеті діни радикализмнің және жалпы зорлық-зомбылықтың кез келген көріністеріне төзімділікті нығайту әдістерін зерделеу мен қолдануға көмектесу. Ол діндар адамдардың жаһандық ауқымдағы аудиториясымен жұмыс істеу алаңына айналуы мүмкін.

Әрбір діндар жан діни ұйымдардың, конфессиялық ағымдардың көшбасшыларына сұрақ беріп немесе ұсыныс жасап, кері байланысқа шыға алады. Екінші. Біз жер бетіндегі бейбітшілікті қамтамасыз ету жөніндегі біздің ниетмақсатымызға негізделген орасан зор әлеуетті жеткілікті пайдаланбаймыз. Өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне шығу қажет.

Бұл жерде қақтығысушы тараптар арасында сындарлы үнқатысу орнату үшін рухани көшбасшылар мен діни ұйымдардың орасан мүмкіндіктерін қолдану туралы сөз болып отыр. Барлық рухани көшбасшыларға әлем қоғамдастығына, адамдарға, мемлекеттерге бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы үндеу жасауды ұсынамын.

Ол әрбір діннің тәжірибесіне сәйкес фетва, энциклика немесе басқа да жолдаулар мен үндеулер түрінде болуы мүмкін. Үшінші. Қазіргі заманғы жаһандық проблемалардың бірі болып қолжетімді білімнің болмауы. Бүгін әлемде 750 миллион адам жазуды да, оқуды да білмейді. Жаппай білім мен ғылымды игермей кедейлікті, мұқтаждықты жеңу мүмкін емес. Тек білім ғана кез келген түрдегі радикализм идеяларына орнықты иммунитеттің негізі болып табылады.

Бұл жерде діни білімнің маңызы зор. Қазір түрлі жалған діни ұйымдар оның тұғырнамасын белсенді пайдаланып жүр. Сондықтан әлемдік және дәстүрлі діндер діни құндылықтарды саяси идеологемадан бөлу жұмыстарын жүргізе алар еді. Төртінші. Әлемдік қоғамдастықтың милитаристік ойлар мен оған байланысты қауіпті анахронизмдерді еңсеруі жаһандық қауіпсіздік жүйесін жаңғырту қабілетіне байланысты. Елдерді әскери блоктарға бөлуді өткенге қалдыру керек, олар арандату мен мағынасыздыққа сеп болып отыр.

Соғысқа қарсы жалпы әлемдік шаралар туралы менің ойларым «Әлем. XXI ғасыр» манифесімде көрініс тапты, онда Біріккен Ұлттар Ұйымының 100 жылдық мерейтойына арнап ядролық қарусыз әлем құру ұсынылды. Оған біздің моральдық құқымыз бар. Қазақстан әлемдегі қуатты ядролық полигонды жауып, әлемдегі қуаттылығы жағынан төртінші орын алатын ядролық-зымыран арсеналынан бас тартты. Егер халықаралық қоғамдастық, діни көшбасшыларды қоса алғанда, біз ұсынатын ісқимылдарға қолдау көрсетсе, менің ойымша, бұл мақсатқа қол жеткізуге болады. Қазақстан мемлекеттер арасындағы сенімді қалпына келтіру және нығайту бойынша дәстүрлі түрде жұмыс істейді.

Біздің сириялық қақтығысты реттеуге қомақты үлес қосып келе жатқанымыз баршаға аян, оның ішінде келіссөздер жүргізуге мүмкіндік тудырып отырмыз. Біз Шығыс Украинадағы өзекті мәселелерді шешу үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеміз. Ресей мен Түркия арасындағы қақтығыс кезінде олардың қарым-қатынасын ретке келтіруге Қазақстан араласты.

Біз осы бағытта әрі қарай да жұмыс істеуге дайынбыз. Қазақстан алдағы уақытта да өңірлік және жаһандық қауіпсіздікке байланысты мәселелерді шешу бағытында барынша күш-жігер жұмсайтын болады. Айтылған бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін мен өз тарапымнан Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталық құруға дайынмын.

Біз халықаралық құқық үстемдігіне негізделген неғұрлым қауіпсіз әлемге, әлемдік әділ тәртіпке бірлесіп қол жеткізуіміз керек. Құрметті достар! Біздің бірлескен күш-жігерімізді шешуді талап ететін басты міндетке тағы да назар аударғым келеді: - жаһандық ойлау парадигмасын конфронтациядан кооперацияға ауыстыру; - күштік эгоизмнен, әлеуметтік нигилизмнен және экономикалық ұлтшылдықтан парасатты мәмілені іздестіруге жауапты түрде көшу; 12 13 - жаппай бытырау үдерістерін кері бұрып, олардың қайтарылмау нүктесіне жетуіне жол бермеу. Осы мақсаттың ауқымын жақсы білемін.

Сонымен қатар, әлемдегі рухани саланың әлеуеті қаншалықты қуатты екенін түсінемін. Дін әрқашан мәдениет пен қоғамдық қатынастарды қалыптастыратын іргелі күш болды. Қазір әлемде сапалық тұрғыда жаңа өлшемдер дүниеге келді, онда діндер мен оның баршаға мойындалған көшбасшылары айқындаушы рөлге ие болады. Өркениеттердің қақтығысы адамзаттың пешенесіне жазылған таңдауы емес, оны өзгерту біздің қолымыздан келеді. Біз бар ниетімізді әлемдік үйлесімді тәртіпті іздестіруге тоғыстыруымыз қажет. ХХІ ғасырда орын алған діндер арасындағы көпірлер салынуына ұқсас шара бұған дейін адамзат тарихында болған жоқ.

Біздің форум рухани иерархтар мен саясаткерлер ынтымақтастығының түбегейлі жаңа жүйесінің көрінісі. Бүгін бізге үйлесімді дамудың жаһандық тұрғыдағы келешегі туралы өз ойларымызбен бөлісудің тамаша мүмкіндігі тағы да беріліп отыр. Осы кездесу халықаралық және діни өзара іс-қимыл тәжірибесін инновациялық идеялармен және жаңа ұсыныстармен байытады деп үміттенемін. Әлемдік өркениеттің өзекті мәселелері бойынша жиналатын әрі талқылайтын сарайдың құрылысы мені көптен ойландырған еді.

Бұған біз, қазақстандықтар, қалай қарайтынымызды жаңа айттым. Біз пирамида түріндегі ғимарат құрылысының идеясына тоқтадық, біз қазір сол ғимараттамыз. Оның төрт қыры әлемнің төрт жағына қарайды, оған әркім өз ойымен, өз пікірімен кіріп, пікір алмасқаннан кейін ортақ оймен – біздің планетамыздағы бейбітшілік пен игілік туралы қасиетті ойлармен шығуына арналып отыр. Міне, біз көпшіліктің батасы сіңген осы залда алтыншы рет жиналып отырмыз.

Біздің Съезімізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін Сіздерге тағы да алғысымды білдіргім келеді және баршаңызға денсаулық, адамзатқа адал қызмет ету жолында табыстар тілеймін. Бәріңізге жемісті жұмыс, ашық және пайдалы диалог пен оң шешімдер тілеймін. Сөзімді қорытындылай келіп Ватиканның Папа Кеңесіне дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Съездің бірінші сыйлығын тапсыру туралы қабылданған шешім туралы Сіздерге хабарлағым келеді.

Біз форумымызды қолдау жөніндегі ауқымды және пайдалы жұмыстары үшін Қасиетті таққа шын мәнінде ризамыз. Енді осы сыйлықты баршаңыздың алдарыңызда табыс етеміз. Сонымен қатар, бірқатар діни лидерлер мемлекеттік марапаттар мен Съездің естелік медальдарына ие болды.

Менің тапсырмам бойынша оны Сіздерге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Съез Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырады. Назар аударып, тыңдағандарыңызға рақмет!