Ұйым: «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ
Лауазымы: Бас сарапшы
Құрылымдық бөлімше: Ақпараттық жұмыс департаменті
Функционалдық міндеттері:
– Бөлімшенің, Орталықтың атқарушы органының директорының тапсырмаларын орындайды;
– Бөлімшенің қызметіне қатысты құжаттардың жобаларын әзірлейді;
– Орталықтың ақпараттық-имидждік іс-шараларына қатысады;
– Ұйымдастырушылық-имидждік жұмыс шеңберінде мемлекеттік мекемелер мен өзге де ұйымдар өткізетін іс-шараларға қатысады және сөз сөйлейді;
– Отандық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимыл жасайды;
– Дінаралық және конфессияаралық тақырыптар бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізеді;
– Ақпараттық-талдамалық және имидждік материалдарды (аңдатпалар, баспасөз хабарламалары, анықтамалар, презентациялар, тезистер, мақалалар, сұхбаттар, Орталық басшылығының сөздері) дайындайды;
– Департаменттің жұмыс жоспарын, Орталық қызметін ақпараттық сүйемелдеуге арналған медиа-жоспарды іске асырады, оның ішінде әлеуметтік желілерді жүргізу және ілгерілету, контентті әкімшілендіру және Орталықтың ресми сайтын сүйемелдеу жұмыстарын жүзеге асырады;
– Іскерлік хат алмасуды, ресми хаттарды дайындау мен ресімдеуді, сондай-ақ Департаменттің құжаттары мен хаттарын аударуды жүзеге асырады;
– Күнделікті және апталық жаңалықтар дайджестін қалыптастырады;
– Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Орталықтың іс-шараларының жариялану қорытындылары бойынша тоқсан сайынғы және арнайы дайджесттерді, оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі, Съезд Хатшылығы, Жас діни көшбасшылар форумы және Сарапшылардың дөңгелек үстелі бойынша дайындайды;
– «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамыту тұжырымдамасын» ақпараттық сүйемелдеу бойынша тоқсан сайынғы дайджестті дайындайды;
– Орталық өткізетін конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша дайджест қалыптастырады;
– Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен бастамаларын ілгерілетуге арналған жарияланымдар жинағын (отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында) дайындайды;
– Департаменттің қызметі туралы есептерді, оның ішінде Орталықтың халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы туралы ақпараттық және ақпараттық-талдамалық анықтамаларды, сондай-ақ халықаралық құрылымдар өкілдерімен өткен екіжақты кездесулердің қорытындылары бойынша материалдарды дайындайды;
– Орталықтың тоқсан сайынғы онлайн-журналы үшін контент дайындауды және оны ресми сайтта жариялауды қамтамасыз етеді;
– Орталықтың ақпараттық-имидждік өнімдерін (брошюралар, презентациялар, триплеттер және т.б. мазмұнын) дайындауға қатысады, жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасайды;
– Съезді, Съезд Хатшылығын, Хатшылықтың Жұмыс тобын, Сарапшылардың дөңгелек үстелін, дайындауға және өткізуге қатысады;
– Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне және оның аясында өткізілетін іс-шараларға отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен блогерлерді аккредиттеу жұмыстарына қатысады;
– Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен блогерлерге діни тақырыптарды жариялау ерекшеліктері бойынша оқыту семинарларын ұйымдастырады және өткізеді.
Білімі: қоғамдық ғылымдар бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: магистр / PhD / ғылым кандидаты / ғылым докторы.
Тілдерді білуі: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін (жазбаша, ауызша және сөйлеу деңгейінде) міндетті түрде меңгеруі.
Жұмыс тәжірибесі: білім беру бейініне тікелей немесе жанама байланысты салада кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі.
Құжаттарды тапсыру үшін мекенжай: / электрондық мекенжай: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 57, 5-қабат. Телефоны: 87783044495 (ватсап), электрондық мекенжайы: job@nnort.org
Толығырақ ақпарат үшін: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii
Өтініш беру шарттары: Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысандағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш (№1 қосымша);
2) белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша);
3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
4) тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін):
6) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды.