Лауазымы: Жетекші сарапшы
Құрылымдық бөлімше: Діни ахуалды талдау және мониторинг департаменті
Орталықтағы жұмыс шарттары мен артықшылықтары
- Ел көлемінде ұлттық деңгейде ауқымды дінтанулық зерттеулерді жүзеге асыратын бірегей талдамалық құрылымда жұмыс істеу
- Әдіснамадан бастап қорытынды баяндамаға дейінгі талдамалық және жобалық жұмыстың толық циклін жүргізу
- Қазақстанның барлық өңірлеріне іссапарлар және діни бірлестіктермен, сарапшылармен және жергілікті қауымдастықтармен тікелей коммуникация
- Бөлімшенің негізгі зерттеушілік позициясы
- Мықты, жас және амбициясы жоғары команда
- Тұрақты жалақы
- Кәсіби зерттеушілік дағдыларды дамыту
Біліктілік талаптары
- қоғамдық ғылымдар бейіні бойынша жоғары білім
- бөлім қызметінің бейінімен тікелей немесе жанама байланысты 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі
- Кешенді талдамалық материалдарды әзірлеу дағдылары
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу
- Сандық және сапалық деректерді талдауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру артықшылық болып саналады
Лауазымдық міндеттері
- Зерттеу жобалары аясында әдіснамалық және мазмұндық стандарттарды сақтай отырып, дін саласы бойынша кешенді талдамалық жұмыстар жүргізу
- Ұйымдастырушылық және жобалық қызметті жүзеге асыру (құжаттарды әзірлеу, уәкілетті органмен келісу, бекіту рәсімдері)
- Сыртқы сарапшылармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету
- Зерттеу материалдарының таныстырылымына (презентациясына) қатысу
Жеке қасиеттері
- Талдаушылық ойлау қабілеті және жүйелі тәсіл
- Жауапкершілік пен өзін-өзі ұйымдастырудың жоғары деңгейі
- Ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу қабілеті
- Іскерлік коммуникация және сарапшылармен жұмыс жүргізу дағдылары
- Іссапарларға шығуға және қатаң мерзімдер жағдайында жұмыс істеуге дайындық
- Жүктемеге төзімділік және ұқыптылық
Құжаттарды тапсыру үшін мекенжай/электрондық пошта: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 57, 5 қабат. Телефоны: 87783044495 (ватсап), электрондық пошта: job@iciid.org
Толығырақ ақпарат алу үшін: http: http://religions-congress.org/ru/news/vakansii
Өтініш беру шарттары: конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысандағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш (№1 қосымша);
2) белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша);
3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
4) тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін):
6) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды.