БОС ОРЫН: БАС КОНСУЛЬТАНТ
Орталықта жұмыс істеудің шарттары мен артықшылықтары:
-
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін, Жас діни лидерлерфорумын және Орталықтың басқа да іс-шараларын қоса алғанда, жаһандық халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
-
Дүниежүзілік деңгейде дінаралық диалогты ілгерілетуге бағытталған бірегей халықаралық бастамаларды іске асыруға қатысу;
-
Марапаттау жүйесі ашық, тұрақты жалақы және кәсіби өсудің перспективалары;
-
Шетелдік іссапарларға шығу және кәсіби нетворкингті дамыту мүмкіндігі.
Біліктілік талаптары:
-
Журналистика, халықаралық қатынастар, дінтану, теология мамандықтары бойынша жоғары білім (магистратура/PhD артықшылық болып саналады);
-
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру;
-
Ұқсас құрылымдарда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
Кәсіби құзыреттері мен лауазымдық міндеттері:
-
Халықаралық ұйымдармен, діни бірлестіктермен, салалық сараптамалық қауымдастықтармен, қоғам пікірін қалыптастыратын көшбасшылармен және дипломатиялық орта өкілдерімен тиімді коммуникация орнату;
-
Хаттамалық, имидждік және ақпараттық іс-шараларды (конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.) ұйымдастыру, оның ішінде шетелдік делегациялар мен жоғары лауазымды қонақтардың қатысуын үйлестіру;
-
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде баспасөз анонстарының, баспасөз хабарламаларының, талдамалық анықтамалардың, сөз сөйлеуге арналған тезистердің, мақалалар мен сұхбаттардың дайындалуын қамтамасыз ету;
-
Дінаралық және конфессияаралық күн тәртібі мәселелері бойынша отандық және шетелдік БАҚ-қа мониторинг жүргізу;
-
Әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларды (Instagram, Facebook, Telegram, LinkedIn, X/Twitter) жүргізу және ілгерілету;
-
Графикалық редакторларда (Canva, Photoshop және т.б.) жұмыс істеу, деректерді талдау жүйелерін пайдалану, сондай-ақ базалық фото және бейнетүсірілім жүргізу;
-
Тұжырымдамалық, талдамалық және анықтамалық құжаттарды әзірлеу, деректердің үлкен көлемін жедел жүйелеу және негізгі мән-мағыналарды айқындау;
-
Күнделікті және апталық тақырыптық дайджесттерді қалыптастыру;
-
Көпміндеттілік пен қатаң мерзімдер жағдайында тиімді жұмыс істеу.
Жеке қасиеттері:
-
Іс-шараларды дайындау және өткізу кезеңдерінде жедел әрекет етуге және қалыптан тыс жұмыс кестесіне дайын болу;
-
Жоғары жауапкершілік пен сенімділік, ұсақ-түйекке мұқияттылық және тапсырмаларды жедел орындау қабілеті;
-
Кәсіби қарым-қатынастың жоғары мәдениеті, икемділік, дипломатиялық және әдептілік;
-
Дамыған эмоционалдық интеллект, күйзеліске төзімділік және конструктивті диалог пен кері байланысқа ашықтық.
Құжаттарды қабылдау мекенжайы:
Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 57, Бейбітшілік және келісім сарайы, 5-қабат.
Телефон: +7 778 304 44 95 (WhatsApp)
Электрондық пошта: job@iciid.org