Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Вакансия

Лауазымы: Бас қор сақтаушы

Бөлісу

Ұйым: «Конфессияарадлық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ

 Лауазымы: Бас қор сақтаушы

 Құрылымдық бөлімше: Бейбітшілік және музей басқармасы

 Функционалдық міндеттері: 

Орталық Басқармасының жұмысына тұрақты бақылау жүргізеді – бұл Орталықтың жұмыс жоспарына, Орталық басшылығының, Жалғыз Акционердің және Директорлар кеңесінің хаттамалық тапсырмаларына, сондай-ақ Басқарма туралы Ережеге сәйкес берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауды қамтиды;

Музей қорымен жұмыс жүргізеді, олардың жай-күйі мен пайдаланылуына жауап береді, музейдің бейініне сәйкес экспонаттармен музей қорын толықтырады, музей басқармасының басшысымен бірге діни бірлестіктермен, жеке меншік иелерімен, Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі өзге музейлердің мамандарымен байланыс орната отырып, музей ісі бойынша тәжірибе алмасуды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының музей қорының музейлік заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әзірленген ішкі музейлік нұсқаулық негізінде жұмысты жалғастырады;

Музейдің ерекшелігіне сәйкес музейлік заттарды есепке алу жұмыстарын жүргізеді;

«Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ музей қорын заттай экспонаттармен, архивтік материалдармен жабдықтау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;

Музейлік заттарды атрибуциялау және оларды шифрлеу жұмыстарын бақылайды және жүргізеді.

Экспонаттар мен архивтік материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді;

Экспонаттар, архив құжаттары, көрме залдарындағы және сақтау қоймаларындағы экспонаттардың сақтау кезінде температуралық және ылғалдылық режимін бақылап, олардың классификациясын жүргізеді;

Негізгі, Ғылыми-қосалқы және Уақытша қорларға қатысты Кітаптардағы түсу жазбаларын толтыруды бақылап, электрондық архив құжаттамасын ұйымдастырады;

Жылына бір рет музей қорындағы экспонаттардың бар-жоғын және жай-күйін тексеріп, тексеру актісін дайындайды;

Реставрацияға қажетті экспонаттардың тізімін жасап, Музей Басқармасы Басшысының қызметтік хатын дайындап, профильдік компаниялармен бірге аталған экспонаттарды реставрациялау бойынша баға ұсыныстарын пысықтайды;

Музей қоры экспонаттарының карточкаларын жасау жұмыстарын бақылап, жүргізеді;

Экспозициялық-ұйымдастырушылық қызметті ұйымдастыруға көмектесіп, экспозиция тақырыбына сәйкес экспонаттарды таңдап, этикеткаға арналған ақпарат береді, музей ішіндегі және сыртындағы экспозицияларды монтаждау және демонтаждауға қатысады;

Әрбір экспонаттың ғылыми сипаттамасы мен фотосуреті бар тұрақты пайдалану актілерін, уақытша сақтау актілерін, басқа мекемелер мен иелерге қайтару актілерін уақытылы бақылап, дайындайды;

Музейлік заттардың профиліне сәйкес сақтау орындарына орналастыру жұмыстарын ұйымдастырады;

Экспонаттардың сақтау режимі мен физикалық қауіпсіздігін бақылап отырады;

Білімге қойылатын талаптар:

 Гуманитарлық ғылымдар саласындағы мамандықтар бойынша жоғары кәсіби білім (артықшылық беріледі – тарих, философия, дінтану, мәдениеттану, филология) және музей саласында жетекші лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі; мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Құжаттарды тапсыру үшін мекенжай: / электрондық мекенжай: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 57, 5-қабат. Телефоны: 87783044495 ватсап, электрондық мекенжайы: job@nnort.org

Толығырақ ақпарат үшін: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii

Өтініш беру шарттары: Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысандағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш (№1 қосымша);

2) белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша);

3)  жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;

4) тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін):

6) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.

 

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды.