Жаңалықтар

Қазақстан өркениет диалогында модератор бола алады

Бөлісу

2011 жылы Ислам конференциясы ұйымында (ИКҰ) төрағалық ететін Қазақстан осылай Шығыс пен Батыс арасында «өткел жасаудың» бірегей мүмкіндігін алады, деп санайды Қазақстанның СІМ ЕҚЫҰ департаментінің директоры Сержан Әбдікәрімов.

2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-да төрағалық етеді, ал келесі жылы, «ЕҚЫҰ үштігінің» басшылығында қала отырып (ұйымның қазіргі, алдындағы және келесі төрағалары), ИКҰ-ны басқарады.

«Қазақстанның ЕҚЫҰ-да, содан кейін ИКҰ-да төрағалық етуі әрқайсысы 50 мемлекет-мүшеден тұратын еуропалық және азиалық ұйымдарының күн тәртібін үйлестіруге мүмкіндік береді. Қазақстанның жағрапиялық, саяси, өркениеттік жағдайының өзі оны Шығыс пен Батыс арасында тура және жанама мағынада делдал қылып отыр»,- деді Әбдікәрімов РИА Жаңалықтары.

Оның сөзі бойынша, ЕҚЫҰ мен ИКҰ сияқты ұйымдар құрылымының ерекшеліктері, олардың мандаттары көптеген мәселелер бойынша диалог жүргізу үшін мүмкіндік береді – бұл саяси, гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық, терроризммен, діни есептеспеушілікпен, гендерлік теңсіздікпен күрес.

«2011 жылы ИКҰ төрағасы болғанда, қазір ЕҚЫҰ-да төраға ретінде әрекет етіп жатқандай, Қазақстан ұйымның күн тәртібіне осы елеулі сұрақтарды енгізу үшін күш салатын болады», - деп атап көрсетті Әбдәкәрімов.

Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулердің қазақстандық институтының аға ғылыми қызметкері Раушана Серіктің пікірі бойынша, Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық қауіпсіздіктің жаңа сәулетін құру туралы бастамашылығын іске асыру үшін осы жағдайды пайдаланып қалуы керек.

«Қазақстан тек «шығыс тілінен батыс тіліне аудармашы» ғана емес, сондай-ақ ол мұсұлман елдерінен батысеуропалық қоғамына эмигранттардың орны туралы, гендерлік теңдік туралы, жастарды толеранттылық рухында тәрбиелеу туралы мәселелерді көтереді», - деді ол.

М.В.Ломоносов атындағы ММУ ИАЦ Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерін зерттеу жөніндегі ақпараттық-аналитикалық орталығының сарапшысы Юлия Якушева: «Қазақстан өзін өркениет диалогында тиімді модератор рөлінде көрсете алады» деп ұйғарады.

Ол 130 ұлттың өкілі тұратын және бірнеше ондаған конфессиялар қатар өмір сүріп жатқан Қазақстанда тәуелсіз мемлекет болғаннан бергі уақытта бір де бір қандай да болсын ірі ұлтаралық немесе конфессияаралық қақтығыс болған еместігін еске сала кетті.

«Қоғамда түрлі ұлт, мәдениеттер мен конфессиялар өкілдерінің көзқарастары мен тұрмысына толеранттық, құрмет көрсету атмосферасын құру бойынша Қазақстанның тәжірибесі ЕҚЫҰ мен ИКҰ мүшелеріне пайдалы болар еді», - деп қорытындылады ММУ ИАЦ сарапшысы.