2025 жылғы 27 қарашада Пәкістандағы Қазақстан Республикасының Елшілігі Пәкістанның Аймақтық зерттеулер институтымен (Institute of Regional Studies, IRS) және Исламабад Халықаралық ислам университетімен (International Islamic University, Islamabad, IIUI) бірлесіп «Дінаралық диалог: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің қорытындылары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шара гибридті форматта өтіп, Пәкістанның мемлекеттік органдарының өкілдерін, академиялық қауымдастықты, діни ұйымдарды, сарапшылар мен жастарды қоса алғанда, шамамен 100 қатысушыны біріктірді.
Дөңгелек үстелдің құрметті қонағы – VIII Съезде Пәкістан делегациясын басқарған Пәкістанның Дін істері және конфессияаралық келісім жөніндегі федералды министрі Сардар Мұхаммад Юсуф болды. Ол «Астана бейбітшілік декларациясы 2025» жаһандық үйлесімділікті нығайтуға бағытталған маңызды бағдар екенін атап өтті. Министр Пәкістанның бұл қағидаттарды ел ішінде де, халықаралық аренада да берік ұстанатынын айтып, Қазақстанмен ғылыми, діни, жастар және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін жеткізді.
Қатысушыларды IRS президенті, Төтенше және Өкілетті Елші Джаухар Салим, Пәкістандағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қыстафин және Ислам зерттеулері институтының Бас директоры, профессор Мұхаммед Зия-ул-Хак құттықтады.
Елші Е. Қыстафин Съездің құрылу тарихы, оның мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, VIII Съездың негізгі нәтижелері мен қабылданған қорытынды декларацияның мазмұнын таныстырды.
Спикерлер қатарында Дін істері және конфессияаралық келісім жөніндегі мемлекеттік министр Кесу Мал Хеал Дас, Пенджаб провинциясының Аз ұлттар істері министрі Сардар Рамеш Сингх Арора және Иса Мәсіх Шіркеуінің өкілі Келли Джонсон болды.
Қазақстан тарапынан дөңгелек үстелге онлайн форматта Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Марат Қалижанов қатысты. Ол VIII Съезге дайындық шеңберінде Орталықтың қызметімен таныстырып, Қазақстан бастамасының жаһандық маңызын атап өтті, сондай-ақ «2023–2033 жылдарға арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамыту тұжырымдамасының» негізгі ережелерін кеңінен түсіндірді. Бұл құжат межконфессиялық диалогты нығайтудың ұзақ мерзімді басымдықтары мен бағыттарын айқындайтынын атап өтті.
Профессор Мұхаммед Зия-ул-Хак, Съезд хатшылығының мүшесі және Ізгілік елшісі ретінде, Қазақстанның конфессияаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалап, Хатшылықтың осы бағыттағы жұмысы туралы баяндады.
Спикерлер Қазақстанның диалог мәдениетін дамытуға қосқан маңызды үлесін ерекше атап өтіп, қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында Съездің өзектілігін айқындады. Қатысушылар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы конфессияаралық өзара іс-қимылды одан әрі жандандыру қажеттігін жеткізді.
Іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, қатысушылар дінаралық ынтымақтастықты нығайту және Астана бейбітшілік декларациясы 2025 қағидаттарын ілгерілету бойынша практикалық ұсыныстарын ортаға салды.