Жаңалықтар

Орталық Азия епископтары Н. Назарбаевтың орталығында болды

Бөлісу

29 сәуірде Орталық Азияның католик епископтары конференциясының алғашқы пленарлық отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген архиепископтар, епископтар мен ординарийлер Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығында болды.

Іс-шараға Басқарма Төрағасының орынбасарлары Н. Есімов, Д. Есенова, сондай-ақ епископтар Хосе Мумбиель Серра (Қазақстан), Ежи Мацулевич (Өзбекстан), Евгений Зинковский (Қазақстан), Атаназиус Шнайдер (Қазақстан), Владимир Факете (Әзірбайжан), Джорджо Маренго (Моңғолия), діни қызметкерлер Анджей Мадей (Түрікменстан), Антони Коркоран (Қырғызстан), Педро Лопез (Тәжікстан), Петер Сакмар (Қазақстан), Сцалесе Джованни (Ауғанстан), Томаш Пысь (Қазақстан), Сергей Дробышев (Қазақстан), Қазақстандағы Апостолдық нунциатура хатшысы Монсеньор Мигеле Тутале, Caes баспасөз хатшысы Монсеньор Петр Пылованый, баспасөз қызметінің өкілі Андрей Клестер қатысты.

Кездесу барысында Басқарма Төрағасының орынбасары Н. Есімов жоғары мәртебелі қонақтарды ү.ж. 14-15 қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін ұйымдастыру және дайындау жөніндегі Орталықтың жұмысы туралы хабардар етті. Қазақстан басшылығының қазақстандық форумға қазіргі заманның ең өзекті мәселелері бойынша сындарлы диалогты қамтамасыз ететін, әмбебап жаһандық дінаралық диалог алаңы мәртебесін бекітуге ерекше назар аударатынына тоқталып өтілді.

Өз кезегінде, Д. Есенова Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің тарихи маңызы мен рөлін атап өтіп, "Съезд Қазақстанның дінаралық және конфессияаралық үнқатысудың жаһандық процесіне елеулі үлес қосқанын және әлемдік қоғамдастықтың келісім мен толеранттылық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық қағидаттарын нығайту бойынша күш-жігерінде ел ішінде де, сол сияқты халықаралық деңгейде де ерекше орын алғанын" атап өтті.

Алматы қаласындағы Қасиетті Троица епархиясының епископы Хосе Мумбиеля Серра мен Түркменстандағы sui iuris миссиясының ординарийі Анджей Мадей Қазақстанның бітімгершілік бастамаларын жоғары бағалады, сондай-ақ "конфессияаралық және этносаралық келісімнің бірегей қазақстандық моделі қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында бүкіл әлемдік қоғамдастықта сұранысқа ие және көптеген елдер үшін үлгі бола алады"деп атап өтті.

Өз кезегінде Епископ Джорджо Маренго этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі әлемнің көптеген елдері үшін, атап айтқанда, өз елі - Моңғолия үшін үлгі бола алатынын атап өтті.

Жалпы, кездесуге қатысушылардың барлығы конфессияаралық диалогты халықаралық деңгейде ілгерілетудегі қазақстандық бастамалардың маңыздылығын бағалап, Қазақстан тарапына алдағы VII Съездің табысты өтуіне тілек білдірді.

Кездесу соңында Орталық қонақтары үшін Бейбітшілік және келісім мұражайы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

 

Анықтама: Эпископтық конференция-бұл католик шіркеуінің тұрақты органы (заңды тұлға мәртебесінде), кез-келген елдің немесе белгілі бір аумақтың католик епископтарын біріктіреді, осы аумақтағы қызметті үйлестіру үшін Апостолдық тақ құрған. Эпископтық конференцияның мақсаттары: барлық қатысушы елдер үшін шіркеу өмірінің бірыңғай ережелерін анықтау.