Жаңалықтар

Үндістанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XIX отырысы қарсаңында Бірінші халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бөлісу

2021 жылы 25 тамызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының алдағы ХІХ отырысы аясында Үндістандағы Сомая Видьявихар университеті базасында  «Пандемия жағдайында қоғам мен мемлекеттердегі бейбітшілікті, келісім мен бірлікті нығайтудағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Cъезінің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны ҚР Сыртқы істер министрлігі және ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігі және Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел қатысушылары мен қонақтарының арасында Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы Амангелді Зәкір, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаевтың орталығының Басқарма Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттері ілгерілету жөніндегі уәкіл Б.Сәрсенбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Е.Оңғаров, Архиепископ, Астанадағы Әулие Мәриям епархиясының митрополиті Томаш Пата. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Х.А.Ясауи атындағы МКТУөкілдері бар.  Өз кезегінде, үнділік тараптан Сомайя Видьявигар университетінің ректоры, Somaiya Trust және Godavari Bio -Refineries Ltd компаниясының Төрағасы – Самир Сомайя, Sanskriti Samvardhan and Sanshodhan Pratishthan, Thane атқарушы президенті – Кала Дханаджей Ачария, Ақшардам әлеуметтік үйлесім саласындағы қолданбалы зерттеулер орталығының директоры – Джайотиндра Мукундрай Дейв және өзге де діни лидерлер, халықаралық сарапшылар, ғалымдар, БАҚ өкілдері дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Іс-шараға қатысушылар конфессияаралық және өркениетаралық дамудың өзекті мәселелерін, дінаралық диалог алаңы –  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің пандемиядан кейінгі кезеңдегі қоғамдар мен елдердегі бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөліне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

 Құттықтау сөз сөйлеген Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы дінаралық саладағы жетістіктерін атап, діни төзімділікті нығайту мен өркениетаралық диалогты дамытудағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттері туралы баяндап, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жаһандық деңгейдегі түрлі конфессиялар арасындағы бейбітшілік пен келісімнің тиімді моделін ілгерілетудегі айрықша рөліне тоқталды.

Сонымен қатар, Болат Сәрсенбаев ағымдағы жылдың 5-6 қазанында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы М.Әшімбаев басшылығымен Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Съездің XIX Хатшылығы мен 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі қарсаңында халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Н.Назарбаев орталығының жоспарларымен бөлісті.

«Бүгін біз конфессияаралық даму мәселелері бойынша сараптамалық пікір алмасуға, дінаралық келісімді сақтау мен қамтамасыз етудегі қазақстандық бастамаларды насихаттауға, сондай -ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері барысында анықталған тұжырымдамалық идеяларды насихаттауға бағытталған Бірінші дөңгелек үстелді бастап отырмыз. Біздің біз өткізетін іс-шаралар толерантты дүниетаным мен әлемнің әр түрлі халықтарының діндері мен мәдениеттеріне құрметпен қарауды қалыптастыруға, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтаудағы ортақ жауапкершілікті күшейтуге ықпал ететініне сенімдімін», – деді Б.Сәрсенбаев.

Өз сөзінің соңында Орталық Басшысы Самир Сомая мырзаға, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі мен Хатшылығының өзге де қатысушыларына, жеке Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы Амангелді Зәкір мырзаға халықаралық деңгейдегі конфессияаралық диалогты дамытуға қолдау көрсетіп, үлес қосқаны үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде,  Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы Амангелді Зәкір Үндістан әртүрлі конфессиялардың өкілдерін біріктіретін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеясын қолдаған алғашқы елдердің бірі екенін атап өтті. «Съездің асыл идеялары діни бірлестікте де, саяси ортада да халықаралық қоғамдастықта кең қолдау тапты. Олар әлемге дінаралық қатынастардың қалыптасқан стереотиптерін жеңуге, ХХІ ғасырда жаһандық төзімділік пен өзара түсіністіктің тиімді формуласын жасауға мүмкіндік береді. Съездің XIX Хатшылығы  және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі жұмыстары бұл мақсатқа маңызды қадам жасауға көмектесетініне сенімдімін», – деді А.Зәкір.

Шара қонақтарының сөзін жалғастыра отырып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қатысушысы, Сомая Видьявигар университетінің ректоры – Самир Сомайя әлемдік және дәстүрлі діндер арасында диалог жүргізудегі Қазақстанның маңызды рөлін және Съездің бірегей халықаралық алаңын атап өтті.

 «Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съездерін өткізу туралы бастамасын бүгінде халықаралық қоғамдастық мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты дамытудың тиімді тетігі ретінде қарастырады. Съезді бүкіл әлемдік қауымдастық, жетекші халықаралық ұйымдар мен әлемдік және дәстүрлі діндердің лидерлері мойындайды. Съез идеяларын насихаттау және олардың жаңа диалог деңгейіне шығуы үшін жұмысты жалғастыруды маңызды деп санаймын. Тек бір-бірімізбен ынтымақтастық бізге бүкіл әлемдік қоғамдастықтың әл-ауқатын жақсарту үшін барлық интеграциялық процестерде ортақ мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді »,-деп түйіндеді Самир Сомая.

Жалпы, дөңгелек үстелге қатысушылар әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеяларын, рухани дипломатия принциптерін халықаралық деңгейде насихаттауға одан әрі дайындығын растады. Атап айтқанда, іс -шара Asian News International, News mobile және т.б. сынды Үндістандағы ірі халықаралық БАҚ -та кеңінен қамтылды.

Съездің ХІХ -шы Хатшылығына, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің негізгі идеяларын, мақсаттары мен міндеттерін насихаттауға арналған халықаралық дөңгелек үстелдер сериясы Пәкістан, Швейцария, Чехия, Сауд Арабиясы, Армения, Венгрия, Германия, Иран, Канада, Қырғызстан, Малайзия, Түркия елдерінде өткізілетін болады.