Кадрлық резерв

Кадр резервін іріктеу және қалыптастыру

Бөлісу

- Кадр резерві конкурстық іріктеуге қатысқан және кадр резервіне қабылдау үшін конкурстық комиссия ұсынған кандидаттар, сондай-ақ уақытша болмаған қызметкерді алмастыру уақытына қабылданған Қоғам қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады.

Қоғамның уақытша болмаған жұмыскерлері жұмысқа шыққан кезде оларды алмастыру уақытына қабылданған жұмыскерлер қоғамның кадр резервіне қабылдау үшін өтініш бере алады.

- Қоғамның кадр резервіне қабылдау үшін конкурстық комиссия конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін 2 (екі) күн ішінде конкурсқа қатысушының 6-қосымшаға сәйкес кадр резервіне алынуға жазбаша келісімін алады.

- Қоғам кадр резервіне алған резервшілер кадр резервінен конкурстан тыс тәртіппен қабылданады.

- Кадр резервінде болу оларды кадр резервіне алу туралы бұйрық шығарылған сәттен басталады және бір жылдан аспайды.

- Кадр резервінде болу мерзімі ішінде резервшілер қоғамда қалыптасқан бос лауазымға орналасу үшін іріктелуі мүмкін.

Резервшілердің белгіленген тәртіппен бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу құқығы сақталады.

-Жыл ішінде оған ұсынылған бос лауазымға орналасудан бас тартқан Резервист 2 реттен артық қоғамның кадр резервінен шығарылады.