Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Вакансия

БОС ЛАУАЗЫМ: БАС САРАПШЫ

Бөлісу

Орталықтағы жұмыстың шарттары мен артықшылықтары:

- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін, Жас діни лидерлер форумын және Орталықтың өзге де іс-шараларын қоса алғанда, ауқымды халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

- Дінаралық диалогты әлемдік деңгейде ілгерілетуге бағытталған бірегей халықаралық бастамаларды іске асыруға атсалысу;

- Тұрақты еңбекақы, сыйақы берудің ашық жүйесі және кәсіби өсу мүмкіндігі;

- Шетелдік іссапарларға шығу, халықаралық тәжірибе жинақтау және кәсіби байланыстар аясын кеңейту мүмкіндігі. 

Біліктілік талаптары:

- Журналистика, халықаралық қатынастар, дінтану немесе теология мамандықтары бойынша жоғары білімнің болуы. Магистр немесе PhD дәрежесі бар кандидаттарға басымдық беріледі;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру;

-Ұқсас бағыттағы ұйымдарда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Кәсіби құзыреттері мен лауазымдық міндеттері:

- Халықаралық ұйымдармен, діни бірлестіктермен, бейінді сарапшылық қауымдастықтармен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен және дипломатиялық орта өкілдерімен нәтижелі байланыс орнату және дамыту;

- Хаттамалық, ақпараттық және ұйымның беделін нығайтуға бағытталған іс-шараларды (конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.) ұйымдастыру, оның ішінде шетелдік делегациялар мен жоғары мәртебелі қонақтардың қатысуын үйлестіру;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде талдамалық анықтамалар, сөз сөйлеуге арналған тезистер мен сұхбат материалдарын әзірлеу;

- Тұжырымдамалық, талдамалық және анықтамалық құжаттарды дайындау, ауқымды ақпаратты жедел жүйелеу және негізгі мазмұнын айқындай білу;

- Бір мезгілде бірнеше міндетті тиімді атқарып, белгіленген мерзімдерді сақтай білу.

Жеке қасиеттер:

- Іс-шараларды қарқынды дайындау және өткізу кезеңдерінде жедел әрекет етуге және қажет болған жағдайда белгіленген жұмыс уақытынан тыс жұмыс істеуге дайын болу;

- Жоғары жауапкершілік пен сенімділік, егжей-тегжейге мұқият болу және тапсырмаларды жедел орындау;

- Кәсіби қарым-қатынастың жоғары мәдениеті, икемділік, дипломатиялық әдеп пен өзара қарым-қатынаста сыпайылық таныту;

- Эмоционалдық интеллектінің жоғары деңгейі, күйзеліске төзімділік, сындарлы диалог пен кері байланысқа ашық болу.

Құжаттарды тапсыру мекенжайы:

Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, Бейбітшілік және келісім сарайы, 5-қабат.

Телефон: +7 (7172) 26-60-28

Электрондық пошта: job@iciid.org