Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Вакансия

Дінтану зерттеулері Департаментінің жетекші сарапшысы

Бөлісу

- Бөлімшенің қызмет бағыттары мен құзыретіне қатысты жұмыс жоспарын, ақпараттық және әдістемелік материалдарды, талдамалық баяндамалар мен өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысады;

- Дін саласында талдамалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді;

- Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, сондай-ақ діни қызмет мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды зерделейді;

- Бөлімшенің қызмет бағыттары мен құзыретіне қатысты іс-шараларды ұйымдастырады және оларға қатысады;

- Жобалар кураторларымен бірлесіп, жобалардың тұжырымдамасын, мақсаттары мен негізгі кезеңдерін әзірлеуге қатысады;

- Жобаларды іске асыру шеңберінде сарапшыларға арналған техникалық ерекшеліктер мен шарттарды әзірлеуге қатысады;

 

Білімі: қоғамдық ғылымдар бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; (Дінтану).

Құжаттарды тапсыру мекенжайы / электрондық мекенжайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, 5-қабат. Телефон: 266028, электрондық пошта: job@iciid.org.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысан бойынша бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу туралы өтініш, электрондық пошта мекенжайын міндетті түрде көрсете отырып (№1 қосымша) http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii сайтында;
  2. белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша) http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii сайтында;
  3. жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
  4. тиісті білімді, біліктілікті, арнайы білімнің немесе кәсіби даярлықтың болуын растайтын құжаттың көшірмесі – тиісті білімді, білікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шарты жасалған жағдайда;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  6. соттылығының бар-жоғы туралы анықтама.

Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.