1.Департамент қызметі шеңберінде діни ахуалды (офлайн және цифрлық ортада) жүйелі мониторингтеу процесін ұйымдастырады және бақылайды. 2. Діни ортадағы трендтер мен тәуекелдерді (радикалдану, шиеленістер, деструктивті практикалар) уақытылы анықтауды, жіктеуді және бағалауды қамтамасыз етеді. 3. Департамент қызметі шеңберінде, оның ішінде мемлекеттік тапсырма аясында, дін саласындағы уәкілетті орган үшін тұрақты талдамалық өнімдер дайындауды қамтамасыз етеді. 4. Департамент қызметі шеңберінде дін саласындағы уәкілетті органның қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындауды қамтамасыз етеді. 5. Деректердің дұрыстығы мен талдаудың объективтілігі қағидатының сақталуын қамтамасыз етеді. 6. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де құрылымдармен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. 7. Орталықтың қызмет бағыттары мен құзыретіне қатысты жұмыс жоспарын, ақпараттық және әдістемелік материалдарды, есептерді, талдамалық жазбалар мен баяндамаларды және өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысады. 8. Дін саласындағы мониторинг әдіснамасы мен техникасын жетілдіру бойынша жұмысты тікелей ұйымдастырады және үйлестіреді. 9. Дін мәселелері бойынша сараптамалық-талдамалық жұмысқа қатысады. 10. Діни және мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысады.
Біліктілік талаптары: гуманитарлық ғылымдар (тарих, халықаралық қатынастар, саясаттану, дінтану, шығыстану, мәдениеттану), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), қоғамдық ғылымдар (мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларындағы мамандықтар бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: магистр / PhD докторы / ғылым кандидаты / ғылым докторы; Жұмыс өтілі: Департаменттің қызмет бейініне тікелей немесе жанама байланысты салада кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі. Шет тілдерін білуі құпталады.
Құжаттарды тапсыру мекенжайы / электрондық мекенжайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, 5-қабат. Телефон: 266028, электрондық пошта: job@iciid.org.
Толық ақпарат: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii
Өтініш беру шарттары: Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1.Белгіленген нысан бойынша бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу туралы өтініш. Өтініште электрондық пошта мекенжайы міндетті түрде көрсетілуі тиіс (№1 қосымша). Нысан http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii сайтында орналастырылған;
2.Белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша). Нысан http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii сайтында орналастырылған;
3.Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
4.Білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе тиісті білім, білік және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде кәсіби даярлығы туралы құжаттың көшірмесі;
5.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
6.Соттылығының бар-жоғы туралы анықтама.
Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.