Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Вакансия

Дінтану зерттеулер департаментінің бас сарапшы-талдаушысы

Бөлісу

Зерттеу жобалары шеңберінде дін саласында әдіснамалық және мазмұндық стандарттарды сақтай отырып, кешенді қолданбалы және талдамалық жұмыстарды жүзеге асырады; Ұйымдастырушылық және жобалық қызметті жүзеге асырады (құжаттарды әзірлеу, келісу рәсімдерін жүргізу, уәкілетті органда бекіту); Сыртқы сарапшылармен өзара іс-қимыл жасайды; Зерттеу материалдарын таныстыруға қатысады.

Біліктілік талаптары: Қоғамдық ғылымдар бейіні бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім: магистр / PhD / ғылым кандидаты/ ғылым докторы; Жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, бөлімшенің қызмет бейініне тікелей немесе жанама байланысты болуы тиіс; Кешенді талдамалық материалдарды дайындау дағдылары; Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру; Сандық және сапалық деректерді талдауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеруі артықшылық болып табылады.

Құжаттарды тапсыру мекенжайы / электрондық мекенжайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, 5-қабат. Телефон: 266028, электрондық пошта: job@iciid.org

Толық ақпарат: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii

Өтініш беру шарттары:

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Белгіленген нысан бойынша бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу туралы өтініш. Өтініште электрондық пошта мекенжайы міндетті түрде көрсетілуі тиіс (№1 қосымша). Нысан: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii;
  2. Белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша). Нысан: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii;
  3. Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
  4. Білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе тиісті білім, білік және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде кәсіби даярлығы туралы құжаттың көшірмесі;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  6. Соттылығының бар-жоғы туралы анықтама.

Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.