Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Вакансия

ДІНИ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА САРАПШЫСЫ

Бөлісу

Діни ахуалды ақпарат жинаудың, өңдеудің және талдаудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып мониторинг жүргізеді. Қоғам қызметінің бағыттары мен құзыретіне қатысты жұмыс жоспарын, ақпараттық және әдістемелік материалдарды, есептерді, талдамалық жазбалар мен баяндамаларды және өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысады. Дін саласында мониторингті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысады. Дін мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және сараптамалық-талдамалық жұмыстарға қатысады. Діни және мемлекет-конфессия қатынастары саласындағы өзекті мәселелер бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысады.

Біліктілік талаптары: қоғамдық ғылымдар бейіні бойынша немесе ақпараттық технологиялар саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Құжаттарды тапсыру мекенжайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, 5-қабат. Телефон: 266028 Электрондық пошта: job@iciid.org.

Өтінім беру шарттары

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысан бойынша бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысу туралы өтініш, электрондық пошта мекенжайын міндетті түрде көрсете отырып (№1 қосымша), http://religions-congress.org/ru/news/vakansii сайтында;
  2. белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша), http://religions-congress.org/ru/news/vakansii сайтында;
  3. жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
  4. тиісті білім, білік және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімін, біліктілігін, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  6. соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.

Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы оларды конкурстық комиссияның қарауынан бас тартуға негіз болып табылады.